Жетісу облысының тұрғыны өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды

© Sputnik / Владислав ВодневПьяный водитель за рулем, иллюстративное фото
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2025
Жазылу
Жүргізушіге жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Жетісу облысында сот мас жүргізушіні өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырып, түзеу мекемесіне жіберді, деп хабарлады облыс прокуратурасының сайты.
Бұған дейін 10 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған Алакөл ауданының тұрғыны мас күйінде тағы да көлік рөліне отырды.
"Сот үкімімен кінәлі 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратура ұйымдастырған процеске аудан тұрғындары қатысты.
Еске сала кетейік, мамыр айында Сәтбаев қаласында мас жүргізуші жол жиегінде тұрған екі жасөспірімді қағып кетті. Оқиға қала көшелерінің біріндегі кафенің жанында болған. Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтті, олардың денсаулығына қауіп төнбеген. Полицейлер мас жүргізушіні дереу ұстады.
Детишки-попрошайки носят с собой объявления с номером телефона, привязанным к счету в банке - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Сәтбаев қаласында мас жүргізуші жасөспірімдерді қағып кетті
Жаңалықтар
0