Жыл басынан бері 100-ге жуық есірткі зертханасы әшкереленді

© Photo / ҰҚК баспасөз қызметіЖыл басынан бері 100-ге жуық есірткі зертханасы әшкереленді
Жыл басынан бері 100-ге жуық есірткі зертханасы әшкереленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Жазылу
4 айда 18 қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. 2025 жылдың бес айында заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі және 15 тоннадан астам прекурсор тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің жұмысы нәтижесінде 95 есірткі зертханасы әшкереленді.

"18 қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 14 мыңнан астам есірткі сайты мен 15 мың банк картасы бұғатталды. Осылайша 1 млрд 230 млн теңгеден астам шығынның алды алынды", - делінген хабарламада.

Соңғы бір айда ғана бірнеше өңірде бірқатар есірткі қылмысы анықталды:
Жамбыл облысында 21 келіден астам гашиш тәркіленді;
Алматыда 24 келі марихуана тәркіленген есірткі зертханасы жойылды;
Маңғыстау облысында 2,5 келі апиын тәркіленді;
Алматы облысында 190 келі а-PvP синтетикалық есірткісі және 8 тонна химиялық прекурсор табылды.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Алматыда есірткі тасымалдады деген күдікпен 10 адам ұсталды
Жаңалықтар
0