Су тасқынынан зардап шеккендерді баспанадан айырғандар сотталды

Су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Жазылу
Салдарынан 304 млн теңге бюджет қаражатын желге ұшты
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Ақмола облысында көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды Атбасар аудандық соты.
Сотта бюджет қаражатын жымқырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңды айналымға тартқаны үшін ТКШ бөлімінің басшысы мен екі кәсіпкердің мәселесі қаралды.

"2021 жылы су тасқынына байланысты Атбасар қаласының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жобасын іске асыруға, яғни 200 пәтер инфрақұрылымды жүргізуге ақшалай қаражат бөлінді. Кәсіпкердің бірі бірқатар құрылыс кәсіпорынының иесі бола тұра, "П" ЖШС-нің директорына қаражатты жымқыру мақсатында, үйлерді салу кезінде мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін бас мердігер болуды ұсынған", - дейді аудандық соттағылар.

ТКШ бөлім басшысы орындалмаған жұмыстардың актісіне қол қойса, өз кезегiнде бөлiм ақша аударымдарын жүргiзіп отырған. Басшы мен кәсіпкерлер жоқ құрылысты жасалды деп акт толтырып, қаражатты алған.
Ақшаның бір бөлігіне жұмыс жасаса, бір бөлігін жеке мақсаттарына пайдаланған. Салдарынан 304 млн теңге бюджет қаражатын желге ұшты.
"Сот үкімімен ТКШ басшысы 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Ала ірі кәсіпкер 8 жыл 6 айға, сөз байласқан екінші кәсіпкер 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі де мемлекеттік қызмет, материалдық жауапкершілікке қатысты салада жұмыс істеу құқынан өмір бойына айырылды", - деп хабарлады сот.
Су тасқынына дрондар арқылы мониторинг жүргізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Су тасқыны: 24 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды
Жаңалықтар
0