https://sputnik.kz/20250606/qasietti-qurban-ayt-meyramy-bastaldy--54327971.html
Қасиетті Құрбан айт мейрамы басталды
Қасиетті Құрбан айт мейрамы басталды
Sputnik Қазақстан
Құрбандыққа қой немесе ешкіні бір адамның атынан ғана шалу рұқсат етілсе, үлкенірек малды жеті адамға дейін бірігіп шалуға болады 06.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-06T09:00+0500
2025-06-06T09:00+0500
2025-06-06T09:00+0500
құрбан айт
құрбан шалу
https://sputnik.kz/img/07e9/06/06/54335869_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a2ba4e6a9ecbd2cefe393508712f1cc4.jpg
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Бүгін мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт басталды. Биылғы мейрам жұмаға түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтыр айттың үш күнін де емін-еркін атап өте алады. Аллаға жақындай түсу Ислам дініндегі басты мерекенің тарихы ерте заманнан бастау алады. Алла Тағала Ибраһим пайғамбарға сынақ ретінде өзінің сүйікті ұлы Исмаилды құрбандыққа шалуды бұйырады. Әкесі мен баласы Жаратушының бұйрығына қарсы келмей, әмірді орындамақшы болады. Сол кезде Алла Тағала сынақтан сүрінбей өткен әкесі мен баласының тақуалығына, адалдығына риза болып, өз құзырынан құрбандық орнына қошқар түсірген. Содан бері Алланың разылығы үшін құрбандық шалу дәстүрі жалғасып келеді. Құрбан – араб тілінде "жақындау" деген мағынаны білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы Аллаға жақындай түсу. Мейрам күндері мұсылмандар Алланың разылығы үшін құрбан шалады. Құран Кәрімде: "Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал" – деп жазылған. Құрбандыққа қандай мал сойылады Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малының еркегі де, ұрғашысы да жарамды. Қой мен ешкі төлінің ең кемі бір жасары болуы қажет. Дегенмен, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал ешкі міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет. Бұл жағдайда қой немесе ешкіні бір адамның атынан ғана шалу рұқсат етілсе, үлкенірек малды (түйені немесе өгізді) бір адамнан жеті адамға дейін бірігіп шалуға болады. Құрбандық шалудан кімдер босатылады Құрбан айтта құрбандық шалу – әрбір ауқатты мүміннің міндеті. Ал мұсылманның мүмкіндігін анықтау үшін оның мүлкінің көлемі есептеледі. Адам ауқатты болып саналады, егер ол адамда:Шариғат бойынша мал-мүлкі мұндай мөлшерге жетпеген мұсылман құрбандық шала алмайды.Құрбандық малдың еті қалай таратылады Құрбандыққа шалынған малдың етін үшке бөліп таратады. Бір бөлігін өз отбасына қалдырып, екінші бөлігін туған-туыстарға, ал үшінші бөлігін кедейлер мен мұқтаж жандарға береді. Етті толығымен өзіне қалдыруға бола ма Басқа адамдарға таратылған еттің көлемі 1/3 бөлігінен кем болмаған дұрыс. Осы орайда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тұрмысы төмен адам, бірінші кезекте, өз отбасының қамын ойлауы керек деген болатын. Құрбандықты қашықтан шалуға болады Қазақстандықтар биыл да қашықтықтан құрбан шала алады. Ол үшін арнайы сайт бар. Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, төлем жасайды. Тапсырыс сәтті өтсе, ұялы телефонға хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң, оның фото және видео есебі де жіберіледі.
https://sputnik.kz/20250603/qurban-ayt-namazynyn-uaqyty-54237757.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/06/54335869_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b1005895a4c7808d6b8f1b21377503d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрбан айт, құрбан шалу
Қасиетті Құрбан айт мейрамы басталды
Құрбандыққа қой немесе ешкіні бір адамның атынан ғана шалу рұқсат етілсе, үлкенірек малды жеті адамға дейін бірігіп шалуға болады
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Бүгін мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт басталды. Биылғы мейрам жұмаға түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтыр айттың үш күнін де емін-еркін атап өте алады.
Ислам дініндегі басты мерекенің тарихы ерте заманнан бастау алады. Алла Тағала Ибраһим пайғамбарға сынақ ретінде өзінің сүйікті ұлы Исмаилды құрбандыққа шалуды бұйырады. Әкесі мен баласы Жаратушының бұйрығына қарсы келмей, әмірді орындамақшы болады. Сол кезде Алла Тағала сынақтан сүрінбей өткен әкесі мен баласының тақуалығына, адалдығына риза болып, өз құзырынан құрбандық орнына қошқар түсірген. Содан бері Алланың разылығы үшін құрбандық шалу дәстүрі жалғасып келеді.
Құрбан – араб тілінде "жақындау" деген мағынаны білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы Аллаға жақындай түсу. Мейрам күндері мұсылмандар Алланың разылығы үшін құрбан шалады. Құран Кәрімде: "Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал" – деп жазылған.
Құрбандыққа қандай мал сойылады
Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малының еркегі де, ұрғашысы да жарамды. Қой мен ешкі төлінің ең кемі бір жасары болуы қажет.
Дегенмен, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал ешкі міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет. Бұл жағдайда қой немесе ешкіні бір адамның атынан ғана шалу рұқсат етілсе, үлкенірек малды (түйені немесе өгізді) бір адамнан жеті адамға дейін бірігіп шалуға болады.
Құрбандық шалудан кімдер босатылады
Құрбан айтта құрбандық шалу – әрбір ауқатты мүміннің міндеті. Ал мұсылманның мүмкіндігін анықтау үшін оның мүлкінің көлемі есептеледі.
Адам ауқатты болып саналады, егер ол адамда:
40 қойдан кем емес қойы болса;
30-дан кем емес ірі қарасы болса;
бес түйеден кем емес малы болса;
85 грамнан астам алтын (1,2 млн. теңгеден астам).
Шариғат бойынша мал-мүлкі мұндай мөлшерге жетпеген мұсылман құрбандық шала алмайды.
Құрбандық малдың еті қалай таратылады
Құрбандыққа шалынған малдың етін үшке бөліп таратады. Бір бөлігін өз отбасына қалдырып, екінші бөлігін туған-туыстарға, ал үшінші бөлігін кедейлер мен мұқтаж жандарға береді.
"Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіңдер (22:28)", - делінген аятта.
Етті толығымен өзіне қалдыруға бола ма
Басқа адамдарға таратылған еттің көлемі 1/3 бөлігінен кем болмаған дұрыс.
"Дегенмен, егер құрбандық шалған адамның отбасы үлкен әрі өзі ауқатты болмаса, онда бұл жағдайда сойылған малдың етін толықтай өзіне қалдырғаны дұрыс болады, өйткені өз отбасының қажеттілігі мен мұқтаждығы басқа адамдардың мұқтаждығымен салыстырғанда маңызды болып табылады", - дейді мүфтият мамандары.
Осы орайда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тұрмысы төмен адам, бірінші кезекте, өз отбасының қамын ойлауы керек деген болатын.
Құрбандықты қашықтан шалуға болады
Қазақстандықтар биыл да қашықтықтан құрбан шала алады. Ол үшін арнайы сайт бар. Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, төлем жасайды. Тапсырыс сәтті өтсе, ұялы телефонға хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң, оның фото және видео есебі де жіберіледі.