Петропавлда жол апатынан төрт адам көз жұмды

© Photo : ДП Северо-Казахстанской области Петропавлда жол апатынан төрт адам көз жұмды
Петропавлда жол апатынан төрт адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Петропавл қаласында болған жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 5 маусымда болған. Мамлютка тас жолында "Mercedes" пен "ГАЗель" соқтығысқан. Оқиға орнында төрт адас қайтыс болды. Олардың арасында бір бала бар. Бұдан бөлек, екі адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Соның негізінде процессуалдық шешім қабылданады.
© Photo : ДП Северо-Казахстанской области Петропавлда жол апатынан төрт адам көз жұмды
Смертельное ДТП произошло в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Петропавлда жол апатынан төрт адам көз жұмды
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, "ГАЗель" көлігі газбен жүрген. Жол апаты кезінде екі көлік те отқа оранды. "Mercedes"-те төрт адам болған. Үшеуі оқиға орнында қайтыс болды. Біреуі шұғыл аурухана жеткізілді. Ал "ГАЗель" көлігінде жүргізуші және оның кішкентай қызы болған. Бала қайтыс болды. Әкесі ауруханаға жатыр.
Жаңалықтар
0