https://sputnik.kz/20250606/memleket-menshigine-qaytarylgan-12-mln-gektar-zherdin-zhartysy-igeruge-berildi-54355714.html
Мемлекет меншігіне қайтарылған 12 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді
Мемлекет меншігіне қайтарылған 12 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді
Sputnik Қазақстан
2025 жылы 2 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр 06.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-06T15:00+0500
2025-06-06T15:00+0500
2025-06-06T15:00+0500
үкімет
https://sputnik.kz/img/561/42/5614219_35:0:1247:682_1920x0_80_0_0_756c70e99e272fbf2dd08c7f14a6ad45.jpg
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді. Бұл туралы үкіметте өткен жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысында жарияланды, деп хабарлайды primeminister.kz.Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметіне сәйкес, 2022–2024 жылдары мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 млн гектары қайта бөлінді.Бұдан бөлек, соңғы үш жылда жергілікті инспекциялар араласқаннан кейін пайдаланылмай жатқан 3,8 млн гектар жерді бұрынғы жер иелері қайта игере бастады. Ал 2025 жылы 2 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 979,1 мың гектары қайтарылды.Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановтың айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді әрі ашық бөлу үшін барлық мәліметті цифрландырып, жер телімдерін бөлу бойынша электронды конкурстарға көшу керек."Бүгінге дейін шөл және шөлейт алқаптарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы айналымындағы барлығы 205,5 млн гектар жер цифрландырылды. 2025 жылдың соңына дейін карталар деректерін тиісті координаттық жүйеге жүктеу жоспарланып отыр", — дейді Теміржанов.
https://sputnik.kz/20250529/qaragandy-oblysynda-quny-478-milliard-tenge-bolatyn-zher-memleketke-qaytaryldy-54061332.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/561/42/5614219_186:0:1095:682_1920x0_80_0_0_9ea9a3ada951005a2bdb02fbe3267e60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
Мемлекет меншігіне қайтарылған 12 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді
2025 жылы 2 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді. Бұл туралы үкіметте өткен жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысында жарияланды, деп хабарлайды
primeminister.kz. Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметіне сәйкес, 2022–2024 жылдары мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 млн гектары қайта бөлінді.
"Соның ішінде елді мекен маңындағы 2 млн гектар жайылым жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді. Қалған 3,9 млн гектар жер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында конкурс арқылы таратылды", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, соңғы үш жылда жергілікті инспекциялар араласқаннан кейін пайдаланылмай жатқан 3,8 млн гектар жерді бұрынғы жер иелері қайта игере бастады. Ал 2025 жылы 2 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 979,1 мың гектары қайтарылды.
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановтың айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді әрі ашық бөлу үшін барлық мәліметті цифрландырып, жер телімдерін бөлу бойынша электронды конкурстарға көшу керек.
"Бүгінге дейін шөл және шөлейт алқаптарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы айналымындағы барлығы 205,5 млн гектар жер цифрландырылды. 2025 жылдың соңына дейін карталар деректерін тиісті координаттық жүйеге жүктеу жоспарланып отыр", — дейді Теміржанов.