Тоқаев: Құрбан айт мерекесі – имандылық пен ізгіліктің символы

© Sputnik / Санат ИмангалиевПраздничный Айт-намаз прошел в Астане
Праздничный Айт-намаз прошел в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Жазылу
Президент асыл дініміз бауырластық пен сыйластықты дәріптейтінін атап өтті
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы. Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндеп, бауырластық пен сыйластықты дәріптейтінін атап өтті.
"Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі. Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз. Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын! Әр шаңыраққа құт-береке қонсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Айта кетері, биыл қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні 6 маусым, жұмаға түсті. Осыған байланысты қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады. Құрбандықты онлайн және оффлайн шалуға болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты.


@sputnik_aitady
Құрбан шалудың ережелері қандай - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Инфографика
Құрбан шалудың шарттары қандай
Жаңалықтар
0