Солтүстік Қазақстанда өзге ұлтқа тіл тигізген мұғалімге сот үкімі шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Жазылу
Сот үкімімен сотталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда мұғалім әлеуметтік желіде өзге ұлтқа тіл тигізген. Педагогқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкім шығарды, деп хабарлайды облыстық сот.
Солтүстік Қазақстан облысында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда сот 35 жастағы мұғалім ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталды.
"Педагог әлеуметтік желіде өзге ұлт туралы кері пікірін жариялаған. Соттың мәліметінше айыпталушы өз пікірінде өзге ұлттың ар-намысына тиетін сөздер айтқан", - деп жазылған хабарламада.
Сотта педагог бұл әрекетін өз басына түскен ауыртпашылықпен байланыстырған.
Сот үкімімен сотталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ол бұл үкіммен келіспейтінін айтып, аппеляциялық шағым түсірмек.
"Қалалық соттың үкіміне қарсы шағым облыстық сотқа әлі түскен жоқ", - дейді ведомство.
Аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2022
Қоғам
Алматы әуежайында қоғам белсендісі қамауға алынды
Жаңалықтар
0