Емшара бөлмесінде 2 адам көз жұмды: Жамбыл облысында 51 медкабинет жұмысын тоқтатты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЕмшара процесі
Емшара процесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Жазылу
Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде14 емшара кабинетіне жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды
АСТАНА, 5 маусым - Sputnik. Жеке емшара кабинеттерінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау күшейеді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Еске салайық, биыл Жамбыл облысында медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзған медициналық ұйымдарда екі адам қайтыс болған.

"Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы мекемелерді тексеріп, елеулі заң бұзушылықтардың барын анықтады. Оның ішінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін лицензиялар мен шарттар жоқ және дәрі-дәрмектерді сақтау қағидаларын сақталмаған", - дейді министрліктегілер.

Өңірде қоғамдық мониторингтік топтар құрылды. Жүргізілген тексерулерден кейін олар медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзатын 133 емшара кабинетін анықтады.
"Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 14 емшара кабинетіне жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, 51 кабинет өз еркімен жұмысын тоқтатты, 68 мекемеде тексерулер жалғасуда", — деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша департаменттегілер.
Осыған ұқсас жұмыс Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүргізілетін болады.
Таразда емшара соңы өлімге әкелді: денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Таразда емшара бөлмесінде укол салдырған 2 адам қайтыс болды: министрлік тексеріс жүргізді
Жаңалықтар
0