ЕАЭО транзиттің кедендік рәсімін қолдану мәселелері бойынша жұмыс тобын құрады

© Sputnik/Ертай СарбасовЕАЭО транзиттің кедендік рәсімін қолдану мәселелері бойынша жұмыс тобын құрады
ЕАЭО транзиттің кедендік рәсімін қолдану мәселелері бойынша жұмыс тобын құрады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Жазылу
Бұл ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қырғызстанда еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметі біріккен алқасының 50-ші мерейтойлық отырысы өтті.
Қазақстан делегациясын мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев басқарды.
Алаң құрылған сәттен бастап кеден қызметінің басшылары ЕАЭО-да кеден ісін жетілдіруге және дамытуға бағытталған 1000-нан астам шешім қабылдады.
"Мерейтойлық отырыста тәуекелдерді басқару жүйесін, кедендік құнды бақылауды және жекелеген тауарларды жіктеудің біркелкілігін жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды. Бұдан басқа, интеграциялық бірлестіктің кедендік аумағында "жалған транзит" фактілерін азайту бөлігінде ЕАЭО құқығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды", - дейді ведомство.
Кеден қызметінің басшылары транзиттің кедендік рәсімін қолдану мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы шешімге қол қойды. Бұл ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.
ЕАЭО кеден қызметі біріккен алқасының келесі отырысы ағымдағы жылғы III тоқсанға жоспарланды.
Астанада ЕАЭО кеден органдарын цифрландыру мәселесі талқылануда - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Астанада ЕАЭО кеден органдарын цифрландыру мәселесі талқыланып жатыр
Жаңалықтар
0