https://sputnik.kz/20250605/dushanbede-tmd-ukimet-basshylarynyn-kenesi-otedi-54310399.html
Душанбеде ТМД үкімет басшыларының кеңесі өтеді
Душанбеде ТМД үкімет басшыларының кеңесі өтеді
Sputnik Қазақстан
Отырыста ТМД еріктілер форумын құру және өткізу жайы талқыланады 05.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-05T10:15+0500
2025-06-05T10:15+0500
2025-06-05T10:17+0500
тмд
премьер-министр
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52391409_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_de5ed65b9abf96511274761644fb5e2e.jpg
АСТАНА, 5 маусым - Sputnik. Бүгін Душанбеде тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары кеңесі өтеді, деп хабарлады бірлестік хатшылығы.ТМД елдерінің премьер-министрлері жобаларды кеңейтілген режимде талқылайды, олар:Отырыста сондай-ақ ТМД еріктілер форумын құру және өткізу, "Тәуелсіз мемлекеттер достастығында туризмді дамытқаны үшін" төсбелгісін белгілеу, сондай-ақ денсаулық сақтау, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды регламенттейтін бірқатар құжаттар қабылданады деп жоспарлануда. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов бір күн бұрын Душанбедегі кеңес алаңында өзінің Беларусь әріптесі Александр Турчиновпен кездесті.
https://sputnik.kz/20250413/qazaqstan-bastamasymen-tmd-eriktiler-forumy-qurylady-52425562.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52391409_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_cb869832869468812cb59dc2d48c0a44.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд, премьер-министр
Душанбеде ТМД үкімет басшыларының кеңесі өтеді
10:15 05.06.2025 (жаңартылды: 10:17 05.06.2025) Отырыста ТМД еріктілер форумын құру және өткізу жайы талқыланады
АСТАНА, 5 маусым - Sputnik. Бүгін Душанбеде тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары кеңесі өтеді, деп хабарлады бірлестік хатшылығы.
"Кездесудің күн тәртібінде 18 сұрақ бар. Дәстүр бойынша шағын форматта кеңес мүшелері достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасады", - делінген хабарламада.
ТМД елдерінің премьер-министрлері жобаларды кеңейтілген режимде талқылайды, олар:
ауыр машина жасау саласын дамытудағы ынтымақтастық туралы келісімдер;
жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әуе қозғалысын ұйымдастырудың ұлттық жүйелерін үйлестіру тұжырымдамалары.
Отырыста сондай-ақ ТМД еріктілер форумын құру және өткізу, "Тәуелсіз мемлекеттер достастығында туризмді дамытқаны үшін" төсбелгісін белгілеу, сондай-ақ денсаулық сақтау, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды регламенттейтін бірқатар құжаттар қабылданады деп жоспарлануда.
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов бір күн бұрын Душанбедегі кеңес алаңында өзінің Беларусь әріптесі Александр Турчиновпен кездесті.