Астанада рұқсатсыз салынған тұрғын үй бұзылып жатыр

© Photo : Астана әкімдігіАстанада рұқсатсыз салынған тұрғын үй бұзылып жатыр
Астанада рұқсатсыз салынған тұрғын үй бұзылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Жазылу
Құрылыс компаниясы заң бұзушылықты жою туралы нұсқаманы орындамаған
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Астанада рұқсатсыз салынған тағы бір тұрғын үйді бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Тексеріс кезінде Нұра ауданында "Mardan" тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсатсыз басталғаны анықталды. Осыған байланысты "Asyl-Nur Qurylys" құрылыс компаниясына анықталған заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілген болатын.
"Алайда бұл талап орындалмағандықтан, сот құрылыс салушыны өз бетінше салынған нысанды бұзуға міндеттеді. Заңды күшіне енген сот шешімін орындау аясында Астана қаласы әділет департаменті нысанды мәжбүрлеп бұзу жұмысын жүргізіп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Бұған "Inter Stroy Astana" компаниясы салған "QURMANGAZY" тұрғын үй кешені де заңсыз салынғаны үшін бұзылған болатын. Ал үлескерлер өз ақшасын тек сот немесе келіссөздер арқылы қайтара алады.
Айта кетері, "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ жасанды интеллект негізіндегі (AI-чат-бот) үлескерлерді қолдау бойынша онлайн-орталықты іске қосты. Чат-бот тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес береді.
Сондай-ақ homeportal.kz порталында құрылыс салушының атауын, БСН немесе тұрғын үй кешенінің атауын енгізу арқылы өзекті ақпарат ала алады.
Алматыда құрылысы аяқталмаған нысан сот шешімімен бұзылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Алматыда құрылысы аяқталмаған нысан сот шешімімен бұзылды
Жаңалықтар
0