Ақмола облысы көктемгі егіс жұмыстарын аяқтады

© Photo : ауыл шаруашылығы министрлігіАқмола облысы көктемгі егіс жұмыстарын аяқтады
Ақмола облысы көктемгі егіс жұмыстарын аяқтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Жазылу
Биыл ақмолалық шаруалар 19 күн ішінде науқанды толық тәмамдады
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Ақмола облысы биыл да көктемгі дала жұмыстарын толық көлемде аяқтаған алғашқы өңірлердің бірі болды.
Өткен жылы дәл осы кезеңде егіс жұмыстарының шамамен 60 пайызы ғана аяқталған болса, биыл шаруалар 19 күн ішінде науқанды толық тәмамдады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы егіс алқабының жалпы көлемі 5,5 миллион гектарды құрап, былтырғыдан 63 мың гектарға артты.
"Дайындық кезеңі қыста басталды: алқаптарда қар тоқтату жұмыстары жүргізілді, көктемде 2 миллион гектардан астам жерге ылғал жабу мен өңдеу шаралары атқарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Дала жұмыстарына 37 мыңнан астам техника, соның ішінде заманауи егіс кешендері тартылып, науқан кідіріссіз әрі үйлесімді өтті"- делінген хабарламада.
Мемлекеттік қолдау арқасында 778 шаруашылыққа 100 миллиард теңгеден астам сомаға несие беріліп, 76 мың тоннадан астам дизель отыны жеңілдетілген бағамен үлестірілді.
"Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына шынайы қолдау көрсетіліп жатқаны байқалады. Ендігі міндетіміз – осы қарқынды төмендетпей, егісті уақытылы қорғау шараларын жүргізу", – деді "Викторовское" серіктестігінің директоры Виталий Гончаров.
Келесі кезең – өнім жинауға дайындық. Аграрлар егісті зиянкестер мен аурулардан қорғау жұмыстарын жүргізіп, техниканы ретке келтіріп, астық қабылдау нысандарын дайындауға кіріседі.
Глава государства осмотрел посевные площади ТОО Дайындык-Агро и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Көктемгі егін егу науқанына 674 фермер жеңілдетілген кредит алып үлгерді
Жаңалықтар
0