Елімізде ерлердің жалақысы әйелдерге қарағанда жылдам өсіп келеді

Жазылу
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Елімізде ерлердің жалақысы әйелдерге қарағанда жылдам өсіп келеді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2024 жылы ерлердің номиналды орташа айлық жалақысы 468,9 мың теңге, ал әйелдердікі 344,5 мың теңге болған.

Қазір барлық салада жұмыскер ерлердің орташа жалақысы әйелдермен салыстырғанда 36%-ға жоғары.

▪Басшылар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында ерлердің орташа жалақысы – 776,3 мың теңге, әйелдердікі – 561,9 мың теңге.

▪Кәсіби мамандар тобы бойынша (бағдарламашылар, аудармашылар, заңгерлер және т.б.) ерлерде – 538,5 мың теңге, әйелдерде – 395,3 мың теңге.

@sputnik_aitady
85 мың теңге айлық алатын қазақстандық ең арзан отандық көлікті алу үшін қанша уақыт жұмыс істеуі керек?
Жаңалықтар
0