https://sputnik.kz/20250604/songy-on-zhylda-qazaqstanda-tek-eki-preparat-qana-shygarylgan--54285264.html
Соңғы он жылда Қазақстанда екі ғана препарат шығарылған
Соңғы он жылда Қазақстанда екі ғана препарат шығарылған
Sputnik Қазақстан
Отандық препарат өндірісіне 4,6 млрд теңге қаржы жұмсалған 04.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-04T15:46+0500
2025-06-04T15:46+0500
2025-06-05T09:56+0500
дәрі-дәрмек
медицина
асхат аймағамбетов
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15700324_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_9c27402102b333aab1542efbaf2b250e.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Мәжілісте соңғы он жылда Қазақстанда шығарылған екі отандық препараттың атауы жарияланды. Оған 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, бүгінде медицина ғылымына қыруар қаржы бөлінсе де, ғылыми зерттеулердің нәтижелері өте төмен. Ал депутат Асхат Аймағамбетов сол препараттардың атауын жариялады. “QazVac-тан басқа ештеңе шыққан жоқ деуге болады. Клиникалық зерттеулер өте аз. Соңғы он жылда тек екі препарат шығарылған. Оның бірі - йод, сондай-ақ, калий йодиді. Бұны әзірлеуге 4,6 млрд теңге жұмсалса да, тіпті, формулярға да енгізбеген, яғни, қолданылмайды”, - деп атап көрсетті Аймағамбетов. Айта кетері, 2022-2024 жылдары Қазақстанда медицина ғылымын қаржыландыруға 58 млрд теңге жұмсалған болатын.
https://sputnik.kz/20250604/dari-darmek-zauyttagy-qunynan-172-ke-qymbat-satylyp-zhatyr--tekseris-natizhesi-54284956.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15700324_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_7fcdffa61be36fc4917f2fae99948ae3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек, медицина, асхат аймағамбетов, мәжіліс
дәрі-дәрмек, медицина, асхат аймағамбетов, мәжіліс
Соңғы он жылда Қазақстанда екі ғана препарат шығарылған
15:46 04.06.2025 (жаңартылды: 09:56 05.06.2025) Отандық препарат өндірісіне 4,6 млрд теңге қаржы жұмсалған
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Мәжілісте соңғы он жылда Қазақстанда шығарылған екі отандық препараттың атауы жарияланды. Оған 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп
хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, бүгінде медицина ғылымына қыруар қаржы бөлінсе де, ғылыми зерттеулердің нәтижелері өте төмен.
“Соңғы он жылда елімізде небәрі екі түпнұсқа отандық препарат тіркелген. 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалғанына қарамастан, олардың біреуі де ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген”, — деді Смайылов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал депутат Асхат Аймағамбетов сол препараттардың атауын жариялады.
“QazVac-тан басқа ештеңе шыққан жоқ деуге болады. Клиникалық зерттеулер өте аз. Соңғы он жылда тек екі препарат шығарылған. Оның бірі - йод, сондай-ақ, калий йодиді. Бұны әзірлеуге 4,6 млрд теңге жұмсалса да, тіпті, формулярға да енгізбеген, яғни, қолданылмайды”, - деп атап көрсетті Аймағамбетов.
Айта кетері, 2022-2024 жылдары Қазақстанда медицина ғылымын қаржыландыруға 58 млрд теңге жұмсалған болатын.