https://sputnik.kz/20250604/qazaqstanga-przhevalskiy-zhylqylarynyn-zhana-toby-zhetkizildi-54247481.html
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының жаңа тобы жеткізілді
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының жаңа тобы жеткізілді
Sputnik Қазақстан
Бірінші топ 7 бас керқұлан Қазақстанға 2024 жылғы маусымда келді 04.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-04T08:38+0500
2025-06-04T08:38+0500
2025-06-04T08:38+0500
жылқы
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/06/04/54246403_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6008e2b4fdbca74c0fa3541c2ab39e02.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанға жаңа керқұландар тобы әкелінді, деп хабарлады экология және табиғи ресурстар министрлігі.Бұл — “Жабайы жылқылардың оралуы” жобасы аясындағы екінші халықаралық тасымал.Жаңа керқұландар тобы Прага зоопаркі мен мажар Hortobágy ұлттық паркінен әкелінді. 2 маусым күні төрт жылқыдан тиелген екі әскери ұшақ Чехия мен Мажарстан елдерінен ұшып шығып, 3 маусым күні таң ата Арқалық әуежайына келіп қонды.Содан кейін жануарлар "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы жабайы тұяқтыларды реинтродукциялау орталығына жеткізілді. Олар осындағы кең қашаларда бір жыл ұсталады да, кейін жабайы табиғатқа жіберіледі. Орталықта жылқыларды жайғастыратын қажетті инфрақұрылым мен күтіп қарайтын мамандар бар.Керқұлан (Кертағы) — әлемдегі жабайы жылқылардың ақырғы түрі. Ол XX ғасырдың ортасына қарай жабайы табиғаттан құрып кетті. Содан бері түрді қалпына келтіру бағдарламаларына зоопаркілерде сақталған бүкіл керқұланның үлесі тиді. Қазақстанда жабайы жылқыларды қалпына келтіру жобасы 2024 жылы басталды.Бірінші топ 7 бас керқұлан Қазақстанға 2024 жылғы маусымда келді. 2029 жылға дейін Торғай даласына жануарлардың одан әрі көбейіп, тұрақты популяция түзуіне жетерліктей 40–45 бас жылқы әкелу жоспарланып отыр.Пржевальский жылқысы (Equus przewalskii Poljakov) 2021 жылы Қазақстандағы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізіміне енді.
https://sputnik.kz/20250319/qazaqstanga-przhevalskiy-zhylqylary-akelinedi-51746662.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/04/54246403_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_2095c9e9ae6c8d6e1f5217efc1e1d131.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы , қазақстан
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының жаңа тобы жеткізілді
Бірінші топ 7 бас керқұлан Қазақстанға 2024 жылғы маусымда келді
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанға жаңа керқұландар тобы әкелінді, деп хабарлады экология және табиғи ресурстар
министрлігі.
Бұл — “Жабайы жылқылардың оралуы” жобасы аясындағы екінші халықаралық тасымал.
Жаңа керқұландар тобы Прага зоопаркі мен мажар Hortobágy ұлттық паркінен әкелінді. 2 маусым күні төрт жылқыдан тиелген екі әскери ұшақ Чехия мен Мажарстан елдерінен ұшып шығып, 3 маусым күні таң ата Арқалық әуежайына келіп қонды.
Содан кейін жануарлар "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы жабайы тұяқтыларды реинтродукциялау орталығына жеткізілді. Олар осындағы кең қашаларда бір жыл ұсталады да, кейін жабайы табиғатқа жіберіледі. Орталықта жылқыларды жайғастыратын қажетті инфрақұрылым мен күтіп қарайтын мамандар бар.
"Бір жылдық жұмыстың керемет нәтижесі — екінші топ керқұландар аман-есен келіп жетті, ал бірінші топ әбден көндігіп, "Алтын Дала" мемлекеттік резерватының инспекторларының қорғауымен жабайы табиғат тіршілігіне толық дайын", — дейді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев.
Керқұлан (Кертағы) — әлемдегі жабайы жылқылардың ақырғы түрі. Ол XX ғасырдың ортасына қарай жабайы табиғаттан құрып кетті. Содан бері түрді қалпына келтіру бағдарламаларына зоопаркілерде сақталған бүкіл керқұланның үлесі тиді. Қазақстанда жабайы жылқыларды қалпына келтіру жобасы 2024 жылы басталды.
Бірінші топ 7 бас керқұлан Қазақстанға 2024 жылғы маусымда келді. 2029 жылға дейін Торғай даласына жануарлардың одан әрі көбейіп, тұрақты популяция түзуіне жетерліктей 40–45 бас жылқы әкелу жоспарланып отыр.
Пржевальский жылқысы (Equus przewalskii Poljakov) 2021 жылы Қазақстандағы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізіміне енді.