Қазақстандық жүк тасымалдаушы Әзербайжан шекарасында не ары, не бері жүре алмай отыр

© Sputnik / Айдана ДайыроваНұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды
Нұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Жазылу
8 көлік тиеп, Әзербайжанға барған Нұржан Жанаев діттеген жеріне жете алмады
АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Қазақстандық жүк тасымалдаушы Нұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды. Бар құжатын әзербайжандық кеденшілер алып қойған. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді.
Қытайда құжат рәсімдеп, 8 көлік тиеп, Әзербайжанға барған Нұржан Жанаев діттеген жеріне жете алмады. Әзербайжан кеденшілері құжатының дұрыс еместігін айтып, орта жолда ұстап қалған. Онымен қоймай, төлқұжаты мен көлігінің техникалық құжаттарын тартып алған.
"Ресей кеденшілері құжатымды рәсімдеп берді. Мен Әзербайжанға кірдім, 500 метр жерде кеденде мені ұстап қалды. Айтуларынша, құжатым толық емес. Бір құжатта үш қағаздан жүреді, ал менде біреуі болса, екеуі жоқ, екеуі болса біреуі жоқ. Ресейлік кеденшілер байқамай алып қалған болар. Өз басым жоғалтпаймын, оған сенімдімін. Өйткені құжат жоғалса, папкасымен бірге жоғалар елі. Арасында бір-бір парақтан жоғалуы қызық жағдай болып тұр", - дейді Нұржан Жанаев.
Құжаттың электронды нұсқасын Қытайдан алдырып көрсеткен. Оған Ресей кеденінен мөртаңба керек екен.
© Sputnik / Айдана ДайыроваНұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды
Нұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Нұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды
"Әзербайжандық кеденшілер жаңағы электронды құжатқа Ресей кеденінен мөртаңба ұрғыз дейді. Бірақ өздері менің құжаттарымды бермей отыр. Не ары, не бері қозғала алмай тұрмын. Кеденнен өткізбейді", - дейді Жанаев.
Нұржан Әзербайжандағы Қазақстан елшілігіне хабарласып, көмек сұраған.
© Sputnik / Айдана ДайыроваНұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды
Нұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Нұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды
"Елшілік жай ғана қал-жағдайды біліп қояды. Қазақстанда болып жатқан жаңалықты көріп, ол кісілер маған сабыр сақтасын деп қояды. Қазақстанға барып жатқан көліктерден беріп жіберіп, олар мөр ұрғызып, қайтып салып жіберсін дейді. Оған өзім де әрекет жасап жатырмын. Әзербайжан кеденшілері бар құжатымды неге алып қойғанын білмей далмын, олар құжатсыз ешнәрсе бітпейтінін біледі ғой", - дейді екі елдің арасында қалған жүк тасымалдаушы.
5 мың шақырым жүріп, діттеген жеріне 200 шақырым қалғанда жолда қалған Нұржан Жанаевтың қаражаты таусылған, әупірімдеп күн көріп жүр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваНұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды
Нұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Нұржан Жанаевтың Әзербайжан шекарасында жүргеніне бір апта болды
Sputnik Қазақстан тілшісі Әзербайжандағы Қазақстан елшілігіне, яғни Бакуге хабарласты. Алайда жүк тасымалдаушыны тыныштандырумен жүрген елшілік қандай да бір уәж айта алмады. Sputnik Қазақстан мән-жайды жеткізіп, Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сұрау жолдады. Редакция бұл мәселені назарда ұстайды.
Жаңалықтар
0