Маңғыстау облысының тұрғыны 218 млн теңге салық төлемеген

© PhotoСалық
Салық - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр
АСТАНА, 4 маусым - Sputnik. Маңғыстау облысында салық төлеуден жалтарған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Ол мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған.
Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.
"Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, тұрғын тиісті салықты төлемеген", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Заңсыз смартфондар салдарынан бюджетке 80 млрд теңге салық төленбеді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Заңсыз смартфондар салдарынан бюджетке 80 млрд теңге салық төленбеді
Жаңалықтар
0