https://sputnik.kz/20250604/astanalyq-politseyler-para-algany-ushin-sottaldy-54286392.html
Астаналық полицей пара алғаны үшін сотталды
Астаналық полицей пара алғаны үшін сотталды
Sputnik Қазақстан
Пара берді деп айыпталған 23 сотталушыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды 04.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-04T19:35+0500
2025-06-04T19:35+0500
2025-06-04T21:46+0500
полицейлер
пара
сотталушы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/12/17383458_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_6fbc151c3baec69ad79775207376b572.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Астанада пара алған полицейге және пара берушілерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, істе сыбайлас жемқорлыққа қатысты 26 эпизод бар.Кейіннен барлық адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.Сотта айыпталушы Ж. кінәсін мойындап, ең аз мөлшерде айыппұл тағайындауды сұрады.Пара берді деп айыпталған 24 сотталушыға қатысты қорғаушы олардың өкінуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.23 сотталушыға қатысты қылмыстық іс өкінуіне байланысты тоқтатылды, өйткені олар тергеу кезінде жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесу үшін пара беруге мәжбүр болған.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250305/turkistan-oblysynda-27-zhastagy-politsey-qyzmet-atqaru-kezinde-koz-zhumdy-51373514.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/12/17383458_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_e10fadf02208da3f3d36c75866b29ac1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицейлер, пара, сотталушы
полицейлер, пара, сотталушы
Астаналық полицей пара алғаны үшін сотталды
19:35 04.06.2025 (жаңартылды: 21:46 04.06.2025) Пара берді деп айыпталған 23 сотталушыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Астанада пара алған полицейге және пара берушілерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, істе сыбайлас жемқорлыққа қатысты 26 эпизод бар.
"Ж. Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторының қызметкері бола отырып, 2023 жылғы қараша мен 2024 жылғы сәуір аралығында изоляторда ұсталған тергеудегі 26 тұлғаға ұялы телефонды пайдалану құқығын заңсыз бергені үшін жалпы сомасы 1,9 млн теңгеден астам пара алған", - деп жазылған хабарламада.
Кейіннен барлық адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сотта айыпталушы Ж. кінәсін мойындап, ең аз мөлшерде айыппұл тағайындауды сұрады.
Пара берді деп айыпталған 24 сотталушыға қатысты қорғаушы олардың өкінуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
"Жасалған қылмыстың мән-жайын ескере отырып, сот Ж.-ны ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды", - деп жазылған хабарламада.
23 сотталушыға қатысты қылмыстық іс өкінуіне байланысты тоқтатылды, өйткені олар тергеу кезінде жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесу үшін пара беруге мәжбүр болған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.