https://sputnik.kz/20250603/zhemqorlardyn-aqshasyna-qostanay-oblysynda-100-shaqyrymnan-astam-su-qubyry-tartylady-54218534.html
Жемқорлардың ақшасына Қостанай облысында 100 шақырымнан астам су құбыры тартылады
Жемқорлардың ақшасына Қостанай облысында 100 шақырымнан астам су құбыры тартылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 маусым - Sputnik. Қостанай облысында су құбыры желілері құрылысына арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды... 03.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-03T12:08+0500
2025-06-03T12:08+0500
2025-06-03T12:08+0500
үкімет
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/07/18/36975256_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_18085e23878aca2fd27639c378f10068.jpg
АСТАНА, 3 маусым - Sputnik. Қостанай облысында су құбыры желілері құрылысына арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды үкімет.Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді."Бүгінде Тобыл қаласында халықтың 87,9%-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қалада ұзындығы 100 шақырымнан асатын су құбыры желілерінің құрылысы басталды. Бұл мақсатқа қордан 1,4 млрд теңге бөлінді", - дейді ведомство.Сондай-ақ Арқалық қаласына су құбырын тартуға 872 млн теңге бөлінді. Жоба 13 мыңнан астам тұрғыны бар қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етіп, биылғы жылдың соңына дейін сумен қамту деңгейін 96,5%-тен 100%-ке жеткізуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар Қарабалық, Денисов, Қостанай, Федоров, Бейімбет Майлин аудандары ауылдарында, сондай-ақ Арқалық қаласындағы Жастар ауылында жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын су құбыры желілерін тарту жоспарланып отыр.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Қостанай қаласында 99%,, ал ауылдық елді мекендерде 90,3% тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/18/36975256_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_73864ca8b3d4c09ed22e2b38cd737d52.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, қостанай облысы
АСТАНА, 3 маусым - Sputnik. Қостанай облысында су құбыры желілері құрылысына арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды үкімет.
Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді.
"Бүгінде Тобыл қаласында халықтың 87,9%-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қалада ұзындығы 100 шақырымнан асатын су құбыры желілерінің құрылысы басталды. Бұл мақсатқа қордан 1,4 млрд теңге бөлінді", - дейді ведомство.
Сондай-ақ Арқалық қаласына су құбырын тартуға 872 млн теңге бөлінді. Жоба 13 мыңнан астам тұрғыны бар қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етіп, биылғы жылдың соңына дейін сумен қамту деңгейін 96,5%-тен 100%-ке жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қарабалық, Денисов, Қостанай, Федоров, Бейімбет Майлин аудандары ауылдарында, сондай-ақ Арқалық қаласындағы Жастар ауылында жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын су құбыры желілерін тарту жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Қостанай қаласында 99%,, ал ауылдық елді мекендерде 90,3% тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.