https://sputnik.kz/20250603/tramptyn-ukrainadagy-qaqtygysqa-qatysty-shydamy-tausylyp-barady---elshi-54233224.html
Трамптың Украинадағы қақтығысқа қатысты шыдамы таусылып барады – елші
Трамптың Украинадағы қақтығысқа қатысты шыдамы таусылып барады – елші
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты шыдамы таусылып барады, деп мәлімдеді АҚШ-тың Түркиядағы... 03.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-03T16:22+0500
2025-06-03T16:22+0500
2025-06-03T16:24+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52628853_0:0:1769:995_1920x0_80_0_0_3bed19db0d2b93b0d89e492cace39d02.jpg
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты шыдамы таусылып барады, деп мәлімдеді АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Томас Баррак.Елші Түркияның дағдарысты шешу процесінде шешуші рөл атқаратынын баса айтты."Түркияның Ресеймен де, Украинамен де қарым-қатынасы жақсы, сондықтан кем дегенде диалог орнатуда маңызды делдал бола алады", - деп толықтырды ол.15 мамырда Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысымен басталған Ресей-Украина келіссөзінің екінші раунды бір күн бұрын Ыстанбұлда өтті. Ресейлік делегацияның басшысы Владимир Мединскийдің айтуынша, тараптар тұтқын алмасу туралы уағдаласты: науқастар мен ауыр жараланғандар, сондай-ақ 25 жасқа толмаған сарбаздар "бәрі барлығы үшін" қағидасы бойынша алмасылады. Барлығы кем дегенде мың адам болады. Бұған қоса, Мәскеу өлгендердің денесін жинау үшін белгілі бір аймақтарда екі-үш күнге атысты тоқтатуды ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52628853_21:0:1710:1267_1920x0_80_0_0_7ca0169ab04c8e3c0e1111bdd4af8130.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Трамптың Украинадағы қақтығысқа қатысты шыдамы таусылып барады – елші
16:22 03.06.2025 (жаңартылды: 16:24 03.06.2025) АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты шыдамы таусылып барады, деп мәлімдеді АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Томас Баррак.
"Баррак Трамптың Украинадағы қақтығысқа қатысты шыдамы шегіне жетті деп санайды", - деп жазды Star газеті.
Елші Түркияның дағдарысты шешу процесінде шешуші рөл атқаратынын баса айтты.
"Түркияның Ресеймен де, Украинамен де қарым-қатынасы жақсы, сондықтан кем дегенде диалог орнатуда маңызды делдал бола алады", - деп толықтырды ол.
15 мамырда Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысымен басталған Ресей-Украина келіссөзінің екінші раунды бір күн бұрын Ыстанбұлда өтті. Ресейлік делегацияның басшысы Владимир Мединскийдің айтуынша, тараптар тұтқын алмасу туралы уағдаласты: науқастар мен ауыр жараланғандар, сондай-ақ 25 жасқа толмаған сарбаздар "бәрі барлығы үшін" қағидасы бойынша алмасылады. Барлығы кем дегенде мың адам болады. Бұған қоса, Мәскеу өлгендердің денесін жинау үшін белгілі бір аймақтарда екі-үш күнге атысты тоқтатуды ұсынды.