https://sputnik.kz/20250603/qazaqstannyn-bank-sektorynyn-kredittik-portfeli-41-ke-ulgaydy---eadb-54233196.html
Қазақстанның банк секторының кредиттік портфелі 4,1%-ке ұлғайды - ЕАДБ
Қазақстанның банк секторының кредиттік портфелі 4,1%-ке ұлғайды - ЕАДБ
Sputnik Қазақстан
Банк апта сайынғы макро шолу ұсынды 03.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-03T21:05+0500
2025-06-03T21:05+0500
2025-06-03T21:05+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/23/99/239966_0:267:3046:1980_1920x0_80_0_0_5d277b8b41be299f45bddd6031cdb7b3.jpg
АСТАНА, 3 маусым-Sputnik. Қазақстанның банк секторының кредиттік портфелі 4,1% -ке өсті, деп хабарлайды ЕАДБ.Ұсынылған апталық макроэкономикалық шолуда 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша кредиттік портфель 37,4 триллион теңгені құрады. Жыл басынан бері халыққа несие беру 5% -ке өсті, бұл ретте тұтынушылық және өзге де мақсаттарға арналған қарыздар тиісінше 6,6% және 4,3% - ке өсті.Бұл ретте, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің банктер алдындағы берешек көлемі 8,3% - ке азайды. ЕАДБ ЕАЭО елдерінің басқа экономикалық салалары бойынша жаңа деректерді ұсынды. Ресейде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2025 жылдың сәуірінде 1,5% - ке өсті.Бұл ретте машина жасау өңдеу өнеркәсібінің локомотиві болып қала береді, яғни 8,2% өсіммен өндірістің жалпы өсімінің жартысынан көбін қамтамасыз етеді.Беларусьта жалақының өсу қарқыны жоғары. Республикадағы нақты жалақы наурыз айында 11,8% -ке өскеннен кейін сәуір айында жылына 10,4% - ке өскені байқалды.Армениядағы экономикалық белсенділік 2025 жылдың қаңтар – сәуір айларында 4,4%-ке өсті. Өсім қызмет көрсету, сауда және құрылыс секторларында байқалды.Қырғызстанда инфляция 2025 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша 7,7% - ке дейін өсті, бұл әкімшілік бағалар мен жеміс-көкөніс өнімдерінің құнының өсуіне байланысты болып отыр. Инфляцияның ағымдағы серпіні Ұлттық банктің болжамымен сәйкес келеді. ЕАДБ бұл факторлардың уақытша екенін және 2025 жылдың соңына қарай инфляция 5-7% нысаналы бағдар межесінде тұрақталатынын атап өтті.
https://sputnik.kz/20250530/mongoliya-men-baa-zhyl-sonyna-deyin-eaeo-men-erkin-sauda-aymagy-turaly-kelisimge-qol-qoyady-54083162.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/23/99/239966_317:0:3046:2047_1920x0_80_0_0_b03bd3c5cc14dab8717b7b7d1eb80c0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстанның банк секторының кредиттік портфелі 4,1%-ке ұлғайды - ЕАДБ
Банк апта сайынғы макро шолу ұсынды
АСТАНА, 3 маусым-Sputnik. Қазақстанның банк секторының кредиттік портфелі 4,1% -ке өсті, деп
хабарлайды ЕАДБ.
Ұсынылған апталық макроэкономикалық шолуда 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша кредиттік портфель 37,4 триллион теңгені құрады.
Жыл басынан бері халыққа несие беру 5% -ке өсті, бұл ретте тұтынушылық және өзге де мақсаттарға арналған қарыздар тиісінше 6,6% және 4,3% - ке өсті.
"Корпоративтік несиелер 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 0,3% - ке төмендегеннен кейін жыл басынан бері 2,8% - ке ұлғайып, оң серпінге көшті. Орта және ірі кәсіпкерліктің кредиттік портфелі тиісінше 10,4% -ке және 13,3% - ке өсті", - деп атап өтті ЕАДБ.
Бұл ретте, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің банктер алдындағы берешек көлемі 8,3% - ке азайды.
ЕАДБ ЕАЭО елдерінің басқа экономикалық салалары бойынша жаңа деректерді ұсынды.
Ресейде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2025 жылдың сәуірінде 1,5% - ке өсті.Бұл ретте машина жасау өңдеу өнеркәсібінің локомотиві болып қала береді, яғни 8,2% өсіммен өндірістің жалпы өсімінің жартысынан көбін қамтамасыз етеді.
Беларусьта жалақының өсу қарқыны жоғары. Республикадағы нақты жалақы наурыз айында 11,8% -ке өскеннен кейін сәуір айында жылына 10,4% - ке өскені байқалды.
Армениядағы экономикалық белсенділік 2025 жылдың қаңтар – сәуір айларында 4,4%-ке өсті. Өсім қызмет көрсету, сауда және құрылыс секторларында байқалды.
Қырғызстанда инфляция 2025 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша 7,7% - ке дейін өсті, бұл әкімшілік бағалар мен жеміс-көкөніс өнімдерінің құнының өсуіне байланысты болып отыр.
Инфляцияның ағымдағы серпіні Ұлттық банктің болжамымен сәйкес келеді. ЕАДБ бұл факторлардың уақытша екенін және 2025 жылдың соңына қарай инфляция 5-7% нысаналы бағдар межесінде тұрақталатынын атап өтті.