Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізімі іске қосылады - министр тәртібін түсіндірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЕрсайын Нағаспаев
Ерсайын Нағаспаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Жазылу
Кәсіпкерлерді бірыңғай тізімге қосу шаралары төрт кезеңнен тұрады
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бірыңғай тізілім отандық тауар өндірушілері мен олардың өнімдері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік цифрлық жүйе болып жұмыс істейді. Соның арқасында жалған өндірушілерді анықтауға, ашықтықты арттыруға және жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді.
Министр Нағаспаевтың айтуынша, кәсіпкерлерді бірыңғай тізімге қосу шаралары төрт кезеңнен тұрады.
"Біріншіден, ақпараттық жүйе арқылы өтінім беріліп, деректерді өңдеуге рұқсат беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталады. Екіншіден, мемлекеттік деректер базасымен цифрлық тексеру арқылы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі", - деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.
Келесі кезеңде технологиялық операциялардың орындалуы бағаланады, қажет болған жағдайда өндірістік алаңға барып бағалау жүргізіледі.
"Төртіншіден, тізілімдегі отандық тауар өндірушілерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі", - деді Нағаспаев.
Мамыр айында президент тізілімнің жұмыс істеу тәртібін реттейтін заңға қол қойды. Қазіргі кезде өтінім беру сервисі әзірленіп, скоринг моделі жасалып жатыр.
Алдағы уақытта бизнеспен келісілген нормативтік актілерді бекітіліп, отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі толығымен іске қосылады.
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Үкімет 475 кәсіпорынды жекешелендіреді немесе таратады
Жаңалықтар
0