ЕАЭО-да азық-түлік өнімдеріне техникалық регламенттердің түзетулері күшіне енді

© Sputnik / Санат ИмангалиевАзық-түлік
Азық-түлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Жазылу
Жаңартылған нұсқада 10 мемлекетаралық стандарт белгіленген
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақтың азық-түлік өнімдеріне қатысты техникалық регламенттері стандарттарының тізбелеріне енгізілген түзетулер күшіне енді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Бұл түзетулерді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 2024 жылдың желтоқсанында қабылдады.
Енгізілген түзетулерге сәйкес, ерікті қолдануға арналған стандарттар тізбесі 17 мемлекетаралық стандартпен, әдістер бойынша стандарттар тізбесі – бір мемлекетаралық стандартпен толықтырылды.
"Жаңартылған нұсқада 10 мемлекетаралық стандарт белгіленген. ЕАЭО елдерінің 14 ұлттық стандарты алынып тасталды, өйткені олардың негізінде тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленді", - деп жазылған хабарламада.
Түзетулерді Комиссия ЕЭК Кеңесі бекіткен халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің 36-тармағының "б" тармақшасын ескере отырып, Одақ елдерінің стандарттау жөніндегі уәкілетті органдарының ұсыныстары негізінде әзірледі.
Казахстан - 10 лет в ЕАЭС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Инфографика
Қазақстан: ЕАЭО құрамындағы 10 жыл
Жаңалықтар
0