Өскеменде ер адамды аяусыз өлтірді деген күдікпен бір топ адам ұсталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Өскеменде ер адамды аяусыз өлтірді деген күдікпен бір топ адам ұсталды.
Желіде Өскеменде жігіттер арасындағы жанжал кісі өлтірумен аяқталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Ер адамды қатыгездікпен соққыға жыққаннан кейін күдіктілер оның мәйітін аурухана маңына тастап кеткені айтылған.
Оқиғаға полиция түсініктеме берді.
Белгілі болғандай, полиция кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Қылмысқа қатысы бар барлық тұлғаның кім екені анықталды. Үш ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы үш күдіктіге іздеу жарияланды», – деп хабарлады ШҚО полициясы.
@sputnik_aitady
Жаңалықтар
0