Sputnik радиосы мен Украина.ру Ресейдің жаңа аймақтары туралы жобаны іске қосады

© Sputnik / Алексей КуденкоSputnik радиосы
Sputnik радиосы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2025
Жазылу
Радиохабар негізгінен Ресейге қайта қосылған аумақтардың тыныс-тіршілігі жайында болады
АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Бүгін "Новороссия сегодня" радиобағдарламасының эфирі басталады. Бұл - "Украина.ру" басылымы мен "Россия сегодня" медиа тобының Sputnik радиосының бірлескен жобасы.
Жаңа бағдарламаның негізгі күн тәртібі Ресейге қайта қосылған аумақтардың тыныс-тіршілігі — олардың бейбіт өмірге оралуы, майдандағы оқиғалар және тағы басқа тақырыптар болады.
"2014 жылы "Россия сегодня" ХАА біріккен Қырымға барған алғашқы ресейлік мемлекеттік БАҚ болды. Енді Sputnik радиосының эфирінде біз жаңа жобаны қолға алып жатырмыз. Бұл бүкіл Ресей үшін маңызды. Біздің бағдарламаларымыз көптеген адам үшін қосымша күш пен жылулық көзіне айналады деп сенемін. Іске сәт!", - деді "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселев.
Украина.ру мультимедиялық басылымы дирекцияның директоры Ескендір Хисамов Украина.ру сайты 2014 жылы мамырда Киселевтің бастамасымен құрылғанын еске салды. Сол кезде жоба тобына көрші елдегі дағдарысқа байланысты проблемалардың барлық спектрін қамту міндеті жүктелді.
"Соңғы жылдары басылым танымал сайтты, кәсіби бейнестудияны, төрт тілдегі - орыс, ағылшын, қытай және испан тілдеріндегі Telegram арналар тобын біріктіретін мықты ақпараттық ресурсқа айналды. Сонымен қатар, Украина.ру майданға еріктілерден бастап, өз кітаптарын басып шығаруға дейінгі әртүрлі жобаларды жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда Украина.ру басылымының материалдары күніне жалпы саны 15 миллионнан 200 мыңға дейін қаралым жинап жатыр. 2024 жылғы қаралым саны төрт миллиардтан асты", - деді Хисамов.
Sputnik радио дирекциясының директоры Маргарита Некрасова радиостанция Ресейдің 45-тен астам қаласында федералдық хабар таратуды ұсынатынын және жаңа аймақтарда жұмыс істеуге лицензия алу маңызды және көптен күткен қадам болғанын айтты.
Жаңалықтар
0