Сианнан Транскаспий көлік бағдары бойынша 100 мыңыншы контейнер жөнелтілді

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2025
Жазылу
Пойыз құрамында электроника, жиһаз, халық тұтынатын тауарлар және басқа да өнімдер тиелген 50 контейнер бар
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қытайдың Сиань қаласынан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) маршруты бойынша контейнерлік пойыздың құрамында 100 мыңыншы контейнер жөнелтілді, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Пойыз құрамында электроника, жиһаз, халық тұтынатын тауарлар және басқа да өнімдер тиелген 50 контейнер бар.
"Пайдаланға берілген 2024 жылдың ақпан айынан бері Сиандағы қазақстандық-қытайлық терминалдан 200 мың тоннадан астам жүк өңделіп, халықаралық саудадағы маңызды логистикалық платформаға айналды", - деп жазылған хабарламада.
Компанияның мәліметінше осы терминалдан 100 мыңыншы контейнердің жөнелтілуі оның жоғары сұранысқа ие екенін, сондай-ақ екі елдің логистикалық серіктестері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін білдіреді.
Пойызды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, Қытай темір жолдары мен Сиань порты компаниялар тобы (ҚХР) бірлесіп жіберді.
Центральная Азия – Китай - министры иностранных дел встретились в узком формате - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2024
Қытайдан Орталық Азияға бес жүзінші пойыз жөнелтілді
Жаңалықтар
0