Қазақстан шекарасындағы 37 өткізу пункті жаңғыртылады

Шекарадағы пункт - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2025
Жазылу
Бұл жобалардың аясында шекара маңында орналасқан аймақтар дамиды
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Қазақстанда 2030 жылға дейін 37 өткізу пункті жаңғыртылады, алты жоба іске асырыла бастады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Халықаралық сауда, транзиттік тасымалдар мен жолаушылар ағыны өскендіктен, 5 жылда 37 шекаралық нысан жаңғыртылады. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асады.
Қазір мамандар алты басым жобаны іске асыруға кірісті. Олар "Қазақстан - Қырғыз" және "Қазақстан - Ресей" шекараларындағы Бесағаш, Қарасу, Сырым, Әлімбет, Жаңа Жол және Қосақ өткізу пункттері.
Сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын тағы алты жоба пысықталуда. Олар: Тасқала, Үрлітөбе, Құрманғазы, Ақсай, Қайрақ және Камышановка.
Бұл жобалардың аясында шекара маңында орналасқан аймақтар дамиды.
Работа пограничного пункта пропуска - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2025
Солтүстік Қазақстан мен Қорған облыстары шекара арқылы тауар өткізуді жеделдетеді
Жаңалықтар
0