https://sputnik.kz/20250602/pavlodar-oblysynda-16-mlrd-tengenin-veyp-tauary-tarkilendi--54176402.html
Павлодар облысында құны 1,6 млрд теңгеден асатын вейп тәркіленді
Павлодар облысында құны 1,6 млрд теңгеден асатын вейп тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T11:16+0500
2025-06-02T11:16+0500
2025-06-02T11:37+0500
павлодар облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/899/13/8991381_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_cd02072e9f9a11002d2aa00557c3c6bb.jpg
АЛМАТЫ, 2 маусым - Sputnik. Павлодар облысында электронды вейптерді, хош иістендіргіш пен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сатқандар ұсталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі. Қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында вейптерді сату "Telegram" мессенджеріндегі онлайн-дүкендер арқылы жүргізілген, ал өнім курьерлік қызмет арқылы жеткізілген. Тауар сақтайтын қоймалар мен сатқан орындар анықталды. Құны 1,6 млрд теңгеден асатын 155 мыңнан астам вейп пен олардың бөлшектері тәркіленді. Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 37 миллион теңге болатын үш автокөлік: Chevrolet Camaro, Toyota Land Cruiser және Toyota Highlander тыйым салынды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды. "Вейптердің кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен студенттер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді, себебі вейп құрамындағы заттар жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесіне кері әсер етіп, инсульт, инфаркт және басқа да аурулардың пайда болу қаупін арттырады" - дейді агенттік.
https://sputnik.kz/20241018/reseyden-veyp-akelip-taratqan-qostanay-turgyny-sottaldy-47917126.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/13/8991381_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_08bc51e8f9ea59901804e6e9376ac312.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, қылмыс
Павлодар облысында құны 1,6 млрд теңгеден асатын вейп тәркіленді
11:16 02.06.2025 (жаңартылды: 11:37 02.06.2025) Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды
АЛМАТЫ, 2 маусым - Sputnik. Павлодар облысында электронды вейптерді, хош иістендіргіш пен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сатқандар ұсталды, деп
хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында вейптерді сату "Telegram" мессенджеріндегі онлайн-дүкендер арқылы жүргізілген, ал өнім курьерлік қызмет арқылы жеткізілген.
"Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру үшін дропперлердің - яғни жалған тұлғалардың атына рәсімделген банк карталарын пайдаланған. Осы карталар арқылы ірі көлемдегі қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, олардың заңсыз шығу тегі жасырылған", - дейді ведомство.
Тауар сақтайтын қоймалар мен сатқан орындар анықталды. Құны 1,6 млрд теңгеден асатын 155 мыңнан астам вейп пен олардың бөлшектері тәркіленді.
Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 37 миллион теңге болатын үш автокөлік: Chevrolet Camaro, Toyota Land Cruiser және Toyota Highlander тыйым салынды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды.
"Вейптердің кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен студенттер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді, себебі вейп құрамындағы заттар жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесіне кері әсер етіп, инсульт, инфаркт және басқа да аурулардың пайда болу қаупін арттырады" - дейді агенттік.