https://sputnik.kz/20250602/almaty-prokuraturasy-qarzhy-piramidasy-qalay-zhumys-isteytinin-tusindirdi-54203850.html
Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді
Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Қаржы пирамидалары үнемі жаңа салымшыларды тарту есебінен жұмыс істейді 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T18:56+0500
2025-06-02T18:56+0500
2025-06-02T18:56+0500
қаржы пирамидасы
прокуратура
алматы
https://sputnik.kz/img/1419/45/14194580_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ad200b538096bea68cdce7ea136bfd8d.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Алматы прокуратурасы соңғы айларда елімізде қаржы пирамидаларымен байланысты алаяқтық қылмысы көбейіп кеткенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қылмыстық ұйымдар инвестициялық компаниялар, криптовалюталық жобалар және сауда платформаларының атын жамылып, азаматтарға қауіпсіз жоғары табыс уәде етеді. Алайда іс жүзінде мұндай схемалар салған қаражатты жоғалтуға алып келеді.Еске салайық, қаржы пирамидалары үнемі жаңа салымшыларды тарту есебінен жұмыс істейді, ал олардың қызметі сөзсіз үлкен шығынға ұшырап, көптеген адам зардап шегеді.Қаржы пирамидасының белгілерін қалай білуге болады:Мысалы, 2024 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты "Eolus" деп аталатын қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты айыптау үкімін шығарды.Олар баламалы энергетика саласындағы қызмет ретінде "ENERGY EOLUS QAZAQSTAN" компаниясын тіркеп, оған азаматтарды тартқан.Ұйымдастырушылар күніне кіріс 2,7 %-дан 3,4 %-ға дейін болады деп (айына 80 %-дан астам және жылына 950 %-дан астам) уәде берген, сондай-ақ салымдар сомасы 30-дан 2700 АҚШ долларына дейін өзгеріп отырған.Тергеп-тексеру нәтижесінде 31 азамат зардап шеккен деп танылған, келтірілген залал сомасы 74 миллион теңгеден асты.Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды инвестиция жасау кезінде сақтық танытуға шақырады. Қаражат салудың алдында компания қызметiнiң заңдылығына, мемлекеттiк тiркеу мен лицензияның болуына көз жеткiзу керек."Құқыққа қарсы әрекетке күдігіңіз болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Жинақтарыңызды сақтаңыз. Алаяқтардың құрмауына түсіп қалмаңыз", - деп ескертті Алматы қаласының прокуратурасы.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/45/14194580_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_948a06c5e5215db0fbf4bd1ce29cc0bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, прокуратура, алматы
қаржы пирамидасы, прокуратура, алматы
Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді
Қаржы пирамидалары үнемі жаңа салымшыларды тарту есебінен жұмыс істейді
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Алматы прокуратурасы соңғы айларда елімізде қаржы пирамидаларымен байланысты алаяқтық қылмысы көбейіп кеткенін ескертті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қылмыстық ұйымдар инвестициялық компаниялар, криптовалюталық жобалар және сауда платформаларының атын жамылып, азаматтарға қауіпсіз жоғары табыс уәде етеді. Алайда іс жүзінде мұндай схемалар салған қаражатты жоғалтуға алып келеді.
Еске салайық, қаржы пирамидалары үнемі жаңа салымшыларды тарту есебінен жұмыс істейді, ал олардың қызметі сөзсіз үлкен шығынға ұшырап, көптеген адам зардап шегеді.
Қаржы пирамидасының белгілерін қалай білуге болады:
нарықтық көрсеткіштерден едәуір жоғары кепілдендірілген пайдаға уәде беру;
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен қаржы қызметіне лицензияның болмауы;
жаңа қатысушыларды тарту арқылы табыс алу шарты;
агрессивті жарнама және мүмкіндігінше көп соманы салу мақсатындағы қысым көрсету.
Мысалы, 2024 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты "Eolus" деп аталатын қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты айыптау үкімін шығарды.
Олар баламалы энергетика саласындағы қызмет ретінде "ENERGY EOLUS QAZAQSTAN" компаниясын тіркеп, оған азаматтарды тартқан.
Ұйымдастырушылар күніне кіріс 2,7 %-дан 3,4 %-ға дейін болады деп (айына 80 %-дан астам және жылына 950 %-дан астам) уәде берген, сондай-ақ салымдар сомасы 30-дан 2700 АҚШ долларына дейін өзгеріп отырған.
Тергеп-тексеру нәтижесінде 31 азамат зардап шеккен деп танылған, келтірілген залал сомасы 74 миллион теңгеден асты.
"Сот кінәлілерді тиісінше 6,5 және 6 жылға бас бостандығынан айыруға кесті. 2025 жылғы 4 наурыздағы апелляциялық сатының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді", - деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды инвестиция жасау кезінде сақтық танытуға шақырады. Қаражат салудың алдында компания қызметiнiң заңдылығына, мемлекеттiк тiркеу мен лицензияның болуына көз жеткiзу керек.
"Құқыққа қарсы әрекетке күдігіңіз болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Жинақтарыңызды сақтаңыз. Алаяқтардың құрмауына түсіп қалмаңыз", - деп ескертті Алматы қаласының прокуратурасы.