Қарағанды облысында жүк пойызы 2 жастағы баланы қағып кетті

Жазылу
Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды ​​қалалық балалар ауруханасына жеткізді
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қарағанды облысында жүк пойызы 2 жасар баланы қағып кетті.
Оқиға 1 маусымда сағат 11:47-де Қарағанды ​​- Ақадыр учаскесінің "Қарағанөзек - Қарабас" учаскесінде болған. Екі жастағы баланың темір жолға шығып кетуіне байланысты жүк пойызының машинисті шұғыл тежеуді басқан.
Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды ​​қалалық балалар ауруханасына жеткізді.
Оқиға туралы ақпарат Қарағанды-Сортировочная стансасының желілік полиция бөліміне жіберілді.
ҚТЖ ата-аналарды мұқият болуға және теміржол инфрақұрылымы нысандарының жанында балаларды қадағалауды қамтамасыз етуге шақырады.
Жетісу облысында пойыз жеңіл көлікті қағып кетті
Жаңалықтар
0