https://sputnik.kzhttps://t.me/sputnik_aitady/24029
Қазақстандық каратэші қыздар тарихи нәтижеге қол жеткізді
Қазақстандық каратэші қыздар тарихи нәтижеге қол жеткізді
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін ұлттық құраманың 2 спортшысы қатар мұндай марапатқа ие болмаған 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T09:01+0500
2025-06-02T09:01+0500
2025-06-02T10:41+0500
каратэ
марокко
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54174998_0:0:1079:607_1920x0_80_0_0_c178661ba13865faf62d5cb1b7ca1a47.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Алғаш рет қазақстандық 2 каратэші Grand Winner жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады спорт комитеті.Марокко астанасы Рабатта жылдың қорытындысы Премьер-лига санатындағы турнирі аяқталды.Биылғы 4 жарыстың нәтижесінде өз салмағындағы рейтингте көп ұпай жинаған отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясына ие болды.Айта кетейік, осыған дейін ұлттық құраманың 2 спортшысы қатар мұндай марапатқа ие болмаған. Мөлдір Жаңбырбай былтыр алғашқы болып 50 кг дейінгі салмақта Grand Winner атанған. Ол - осы сыйлықты 2 мәрте иеленген Қазақстандағы алғашқы каратэ шебері.Мөлдір биыл Париж қаласында өткен алғашқы Премьер-лига бәсекесінде қола, Ханчжоуда күміс, Каирде алтын медаль жеңіп алған. Әсел Париж бен Каирде күміс, Ханчжоуда қола медаль олжалаған.
https://sputnik.kz/20250529/54034659.html
марокко
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/02/54174998_0:0:1079:809_1920x0_80_0_0_4c8cd7675c8e574d827a4833688e1d60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каратэ, марокко
Қазақстандық каратэші қыздар тарихи нәтижеге қол жеткізді
09:01 02.06.2025 (жаңартылды: 10:41 02.06.2025) Бұған дейін ұлттық құраманың 2 спортшысы қатар мұндай марапатқа ие болмаған
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Алғаш рет қазақстандық 2 каратэші Grand Winner жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады
спорт комитеті.
Марокко астанасы Рабатта жылдың қорытындысы Премьер-лига санатындағы турнирі аяқталды.
Биылғы 4 жарыстың нәтижесінде өз салмағындағы рейтингте көп ұпай жинаған отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясына ие болды.
Айта кетейік, осыған дейін ұлттық құраманың 2 спортшысы қатар мұндай марапатқа ие болмаған. Мөлдір Жаңбырбай былтыр алғашқы болып 50 кг дейінгі салмақта Grand Winner атанған. Ол - осы сыйлықты 2 мәрте иеленген Қазақстандағы алғашқы каратэ шебері.
Мөлдір биыл Париж қаласында өткен алғашқы Премьер-лига бәсекесінде қола, Ханчжоуда күміс, Каирде алтын медаль жеңіп алған. Әсел Париж бен Каирде күміс, Ханчжоуда қола медаль олжалаған.