https://sputnik.kz/20250601/magistraturaga-tusuge-arnalgan-keshendi-testileuge-otinish-qabyldau-bastaldy-54143422.html
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
Sputnik Қазақстан
Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді 01.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-01T11:12+0500
2025-06-01T11:12+0500
2025-06-01T11:12+0500
білім
магистратура
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37177341_0:159:3078:1890_1920x0_80_0_0_4ac19313b5f6d0454375a3ac20fea3be.jpg
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. 1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2025 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.Тіркелу кезінде оқуға түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Олар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін берілген өтінішке өзгерістер (тестілеуді тапсыру қаласын, дайындық бағытын, білім беру бағдарламаларының тобын, тестілеуді тапсыру тілін өзгерту) енгізе алады. Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы мен тестілеу тапсыру қаласы өзгертілмейді.Тестілеуді өткізу орны, күні және уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 14 шілдеде қолжетімді болады.Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл, оның ішінде шет тілі бойынша кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл.Бейінді магистратураға түсуге ниетті түсушілер тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл құрайды.Сондай-ақ бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады.
https://sputnik.kz/20240812/magistraturaga-grant-tagayyndau-konkursyna-qatysu-ushin-quzhat-qabyldau-bastaldy-46264154.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37177341_174:0:2905:2048_1920x0_80_0_0_546266fae17c775201629aa7c67c39fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
магистратура
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. 1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2025 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
Тіркелу кезінде оқуға түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Олар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін берілген өтінішке өзгерістер (тестілеуді тапсыру қаласын, дайындық бағытын, білім беру бағдарламаларының тобын, тестілеуді тапсыру тілін өзгерту) енгізе алады. Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы мен тестілеу тапсыру қаласы өзгертілмейді.
Тестілеуді өткізу орны, күні және уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 14 шілдеде қолжетімді болады.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл, оның ішінде шет тілі бойынша кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл.
Бейінді магистратураға түсуге ниетті түсушілер тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл құрайды.
Сондай-ақ бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады.