Атырау облысында табиғи резерват аумағында қамыс өртенді

Атырау облысында 280 гектардан астам аумақта қамыс өртенді
Атырау облысында 280 гектардан астам аумақта қамыс өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2025
Жазылу
Тікұшақпен 10 рет 30 тонна су төгу жұмыстары жүргізілді
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өсімдіктерінің жануы тіркелді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Алдын ала өрт алаңы шамамен 30 гектар. Жалпы ауданы 280 гектарды құрады, оның 250 гектары сөндірілді.
Қазіргі уақытта ТЖМ құтқарушыларымен өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін сөндіру және жер жырту жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
"Сондай-ақ, жұмылдырылған "Қазавиақұтқару" АҚ су төгетін құрылғысы бар тікұшағымен 10 рет 30 тонна су төгу жұмыстары жүргізілді. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, "Ақжайық" МТР жеке құрамынан 110 адам және 26 техника, сондай-ақ ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Жердің сулы-батпақты және қамыстардың қалың, биік болуы қамыс жануын сөндіруге қиындық туғызуда.
Оқиға орнында ТЖД басшылығы бар және өрт сөндіру штабы құрылды.
Бурабайда дәмхана өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Бурабайда дәмхана жанынан өрт шықты
Жаңалықтар
0