"Кешірім бермеді": Шымкентте анасын ұрған ер адам сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Жазылу
Сотталушы кінәсін мойындап, өзіне жеңіл жаза кесуді сұрады
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Шымкентте анасын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлады қалалық сот.
Сотталушы 2025 жылдың мамыр айында "Көксай-2" көшесінде орналасқан үйінде масаң жағдайда анасымен жанжалдасып, салдарынан оны ұрып-соққан, жәбірленушінің денсаулығына зиян келмеген.
"Прокурор сотталушыға қамаққа алу жазасын кесуді сұрады. Жәбірленуші сотталушыға кешірім бермейтінін айтып, жаза кесуді соттың қарауына қалдырды", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушы кінәсін мойындап, өзіне жеңіл жаза кесуді сұрады.
Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін толық мойындап, өкініш білдіргенін, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде жасаған іс-әрекетін масаң хәлде жасағанын ескерді.
Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 12 тәулік мерзімге қамаққа алу жазасын кесті.
Сот үкімі заңды күшіне енген.
Случаи бытового насилия - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2024
Бұрынғы әйелін шапалақпен ұрған ер адам сотталды
Жаңалықтар
0