Астанада 1 маусым күні кейбір көшелер жабылады

© Photo : Акимат АстаныОколо двух тысяч человек от 16 до 75 лет приняли участие в столичном полумарафоне
Около двух тысяч человек от 16 до 75 лет приняли участие в столичном полумарафоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Жазылу
Елордада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні төртінші рет Astana Half Marathon өтеді
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Астанада 1 маусым күні Astana Half Marathon кезінде кейбір көшелер жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
"Биыл жарысқа 30-дан астам елден 8 000 адам қатысады. Жартылай марафон кезінде қаланың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады", - деп жазылған хабарламада.
Жүгіру бағыты Тәуелсіздік алаңынан басталып, "Арқар" және Сығанақ-Мәңгілік Ел көпірлері арқылы өтеді. Қатысушылар "Ақорда", Есіл жағалауы, "Бәйтерек", Abu Dhabi Plaza және EXPO нысандарының жанынан жүгіріп өтеді.
© Photo : Акимат АстаныЕлордада 1 маусым күні Astana Half Marathon кезінде кейбір көшелер жабылады
Часть улиц перекроют в Астане на время проведения Astana Half Marathon  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Елордада 1 маусым күні Astana Half Marathon кезінде кейбір көшелер жабылады
Көлік қозғалысына қойылған шектеулер кезең-кезеңімен алынып, сағат 10:00-де толық қалпына келтіріледі.
Көлік қозғалысы 31 мамыр күні 06:00-ден 1 маусым 11:00-ге дейін мына бағыттарда кезең кезеңімен шектеледі: Тәуелсіздік даңғылы Ж.Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін;
06:50-08:30: Сарайшық көшесі Р.Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін;
07:00-07:50: Д.Қонаев көшесі Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне дейін;
07:00-07:50: Қазақ радиосы көшесі, Д.Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін;
07:00-07:50: Достық көшесі Қазақ радиосы көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін;
07:00-08:50: Ақмешіт көшесі Сарайшық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін;
07:00-08:50: Ақмешіт көшесі Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін (EXPO аумағы бойынша);
07:40-09:25: Түркістан көшесі Ақмешіт көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін;
07:45-09:40: Түркістан көшесі Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін;
07:50-09:45: Сығанақ көшесі Түркістаннан И.Панфилов көшесіне дейін;
08:00-09:55: И.Панфилов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;
08:20-09:50: Ж.Нәжімеденов көшесі, Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;
08:00-09:55: Тәуелсіздік даңғылы, И.Панфилов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін.
Автокөлікпен старт алаңына жету үшін ұсынылған бағыттар:
Тәуелсіздік даңғылы арқылы Р. Қошқарбаев даңғылына дейін;
"Нұрлы жол" теміржол вокзалы жағынан Ж.Нәжімеденов көшесімен;
Әл-Фараби даңғылы арқылы И. Панфилов көшесіне дейін.
Жолдарда кептеліс болуы мүмкін, сондықтан қатысушыларға Тәуелсіздік алаңына автобуспен келу ұсынылады – жақын маңдағы аялдамаларға дейін.
Айта кету керек, Тәуелсіздік алаңындағы старт қалашығы маңында көлік тұрағы болмайды.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда өзгерістерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2025
Алматыда марафонға қатысқан екі адам көз жұмды
Жаңалықтар
0