https://sputnik.kz/20250530/qazaqstannyn-turki-memleketterimen-tauar-aynalymy-11-mlrd-dollardan-asty-54093946.html
Қазақстанның түркі мемлекеттерімен тауар айналымы 11 млрд доллардан асты
Қазақстанның түркі мемлекеттерімен тауар айналымы 11 млрд доллардан асты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. 2024 жылы Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттермен тауар айналымы 11,4 млрд долларды құрады, деп хабарлады... 30.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-30T12:18+0500
2025-05-30T12:18+0500
2025-05-30T12:18+0500
түркі мемлекеттері ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_0:32:2950:1691_1920x0_80_0_0_14d7b96b01a117b701cb097df8a76348.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. 2024 жылы Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттермен тауар айналымы 11,4 млрд долларды құрады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Премьер-министр Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Қазіргі уақытта ұйым аясында өзара іс-қимылдың жаңа форматтары құрылып, әлеуметтік саясат, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация сияқты басқа да салалар бойынша жұмыс жүргізілуде.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға және өзара жеткізілімдер ауқымын кеңейтуге назар аударылды.Кездесу барысында гуманитарлық бастамалар да талқыланды. Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды, осы жылдың маусым айынан бастап Алматы ТМҰ-ның жастар астанасы болады. Түркі мәдениеті мен тарихи мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспарланған.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға толық ықпал етуге дайын екендіктерін жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_122:0:2851:2047_1920x0_80_0_0_e400788a31f90967198cb06b1ae32573.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркі мемлекеттері ұйымы
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. 2024 жылы Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттермен тауар айналымы 11,4 млрд долларды құрады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
"Онда жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдары талқыланды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта ұйым аясында өзара іс-қимылдың жаңа форматтары құрылып, әлеуметтік саясат, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация сияқты басқа да салалар бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға және өзара жеткізілімдер ауқымын кеңейтуге назар аударылды.
Кездесу барысында гуманитарлық бастамалар да талқыланды. Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды, осы жылдың маусым айынан бастап Алматы ТМҰ-ның жастар астанасы болады. Түркі мәдениеті мен тарихи мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспарланған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға толық ықпал етуге дайын екендіктерін жеткізді.