Пойызда қоғамдық тәртіпті бұзған әйел жауапқа тартылды

Пойыз вагоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Қосымша тексеріс барысында аталған азаматшаның бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Пойызда қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Осы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 38 568 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Оның ішінде 2791 факт - спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу, 273 факт - ұсақ бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтар.

"Осындай жағдайлардың бірі 28 мамырда "Қызылорда — Көкшетау" бағытындағы жолаушылар пойызында болды. Сарышаған станциясында пойыз бастығының актісі бойынша көлік полицейлері 38 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғынын түсіріп тастады. Әйел адамның мас күйінде болғаны, бейәдеп сөздер айтып, өзге жолаушыларға кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Медициналық куәландыру нәтижесі оның орташа дәрежеде мас болғанын көрсетті. Әйел адам қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қосымша тексеріс барысында аталған азаматшаның бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
0