https://sputnik.kz/20250530/abay-oblysynda-shegirtkege-qarsy-zalalsyzdandyru-zhumystary-kusheytildi-54118901.html
Абай облысында шегірткеге қарсы жұмыстарға техниканы көптеп тарту тапсырылды
Абай облысында шегірткеге қарсы жұмыстарға техниканы көптеп тарту тапсырылды
Sputnik Қазақстан
Бүгінге дейін 209,57 мың гектар аумақ тексеріліп, 11,37 мың гектар жер залалсыздандырылған 30.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-30T16:37+0500
2025-05-30T16:37+0500
2025-05-30T16:42+0500
абай облысы
әкімдік
https://sputnik.kz/img/515/09/5150900_0:0:1643:924_1920x0_80_0_0_86dc894ae739dad025596d1be8b70633.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Абай облысында шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде залалсыздандыру шаралары 19 мамырда басталған.Қазіргі таңда италиялық прус пен азиялық шегірткелердің таралуын азайту мақсатында 9 ауданда химиялық өңдеу жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 209,57 мың гектар аумақ тексеріліп, 11,37 мың гектар жер залалсыздандырылған. Бұл жұмыстарға 5 жерүсті бүріккіш, 3 аэрозольді генератор, 2 дрон және 1 жеңіл авиация тартылған.Биыл өңірде шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізілетін жердің көлемі 44,8 мың гектарды құрайды. Жалпы, зиянкестердің таралуын болдырмау мақсатында 1563,1 мың гектар аумақ зерттелуде. Алайда күннің ыстық болуы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді қиындатқан. Отырыста осы іске жұмылдырылатын техника санын арттыруға қатысты ұсыныс айтылды.Жиын қорытындысында облыс әкімі шегірткеге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды. Әсіресе, өңірде ауқымды қоғамдық іс-шаралар өтетін Абай және Ақсуат аудандарын ерекше бақылауды жүктеді.
https://sputnik.kz/20250526/qyzylorda-oblysynda-shegirtkege-qarsy-dari-sebuge-eki-ushaq-zhumyldyryldy-53872189.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/515/09/5150900_0:0:1643:1232_1920x0_80_0_0_154ad265f4b5cd3db8709e0179fec510.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, әкімдік
Абай облысында шегірткеге қарсы жұмыстарға техниканы көптеп тарту тапсырылды
16:37 30.05.2025 (жаңартылды: 16:42 30.05.2025) Бүгінге дейін 209,57 мың гектар аумақ тексеріліп, 11,37 мың гектар жер залалсыздандырылған
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Абай облысында шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады
облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде залалсыздандыру шаралары 19 мамырда басталған.
Қазіргі таңда италиялық прус пен азиялық шегірткелердің таралуын азайту мақсатында 9 ауданда химиялық өңдеу жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 209,57 мың гектар аумақ тексеріліп, 11,37 мың гектар жер залалсыздандырылған. Бұл жұмыстарға 5 жерүсті бүріккіш, 3 аэрозольді генератор, 2 дрон және 1 жеңіл авиация тартылған.
Биыл өңірде шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізілетін жердің көлемі 44,8 мың гектарды құрайды. Жалпы, зиянкестердің таралуын болдырмау мақсатында 1563,1 мың гектар аумақ зерттелуде. Алайда күннің ыстық болуы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді қиындатқан. Отырыста осы іске жұмылдырылатын техника санын арттыруға қатысты ұсыныс айтылды.
"Күннің күрт ысуынан шегіртке санының тез өсуі байқалады. Сондықтан залалсыздандыру жұмыстарын күшейту қажет. Осыған орай әкімдерге техника санын ұлғайтуға қолдау көрсетуді тапсырамын. Сондай-ақ жаңадан пайда болған зиянкес қоңыздарды залалсыздандыру, жою жұмыстарын жалғастыру керек", - деді аймақ басшысы Берік Уәли.
Жиын қорытындысында облыс әкімі шегірткеге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды. Әсіресе, өңірде ауқымды қоғамдық іс-шаралар өтетін Абай және Ақсуат аудандарын ерекше бақылауды жүктеді.