https://sputnik.kz/20250529/toqaev-google-kompaniyasynyn-vitse-prezidentin-qabyldady-54065662.html
Тоқаев Google компаниясының вице-президентімен кездесті
Тоқаев Google компаниясының вице-президентімен кездесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы аясында Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша... 29.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-29T17:50+0500
2025-05-29T17:50+0500
2025-05-29T17:52+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1d/54065763_0:59:1281:779_1920x0_80_0_0_2f7a0367924398609fb4054d5d23c83e.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы аясында Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Президент компанияның еліміздегі цифрлық трансформацияға елеулі үлес қосқанын атап өтті.Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу жөнінде стратегиялық мақсат қойғанын жеткізді. Аталған стратегия тіршіліктің барлық саласына жасанды интеллектіні енгізуді көздейді. Ол үшін еліміз цифрлық және коммуникациялық инфрақұрылымға, сондай-ақ есептеу қуатын арттыруға белсенді түрде инвестиция құйып жатыр.Патрик Ворнкинг жасанды интеллектіні пайдаланып, цифрлық келешекке жол ашу үшін инфрақұрылым әзірлеу және маман даярлау ісінде Қазақстанның қол жеткізген табысына жоғары баға берді.Сонымен қатар мемлекет басшысы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады.Әңгімелесу барысында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға, экожүйені нығайтуға және орнықты білім экономикасын құруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды.Тоқаев болашаққа бағдарланған интеллектуалды меншіктің берік негізін қалауда ұйым еліміздің ең басты серіктесі екенін атап өтті.Қазіргі кезде зияткерлік меншік құрамдас бөлігі бар Ұлттық инновациялық стратегияны әзірлеу жобасы іске қосылды. Бұл ғылыми зерттеулерді ынталандыруға, озық технологияларды дамытуға және жағымды инновациялық орта қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан ұйыммен бірлесе отырып, технология мен инновацияны қолдау орталығы жобасын жүзеге асырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1d/54065763_81:0:1198:838_1920x0_80_0_0_9602b6e07fda09c057cc029c45c441ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы аясында Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент компанияның еліміздегі цифрлық трансформацияға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу жөнінде стратегиялық мақсат қойғанын жеткізді. Аталған стратегия тіршіліктің барлық саласына жасанды интеллектіні енгізуді көздейді. Ол үшін еліміз цифрлық және коммуникациялық инфрақұрылымға, сондай-ақ есептеу қуатын арттыруға белсенді түрде инвестиция құйып жатыр.
Патрик Ворнкинг жасанды интеллектіні пайдаланып, цифрлық келешекке жол ашу үшін инфрақұрылым әзірлеу және маман даярлау ісінде Қазақстанның қол жеткізген табысына жоғары баға берді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады.
Әңгімелесу барысында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға, экожүйені нығайтуға және орнықты білім экономикасын құруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды.
Тоқаев болашаққа бағдарланған интеллектуалды меншіктің берік негізін қалауда ұйым еліміздің ең басты серіктесі екенін атап өтті.
Қазіргі кезде зияткерлік меншік құрамдас бөлігі бар Ұлттық инновациялық стратегияны әзірлеу жобасы іске қосылды. Бұл ғылыми зерттеулерді ынталандыруға, озық технологияларды дамытуға және жағымды инновациялық орта қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан ұйыммен бірлесе отырып, технология мен инновацияны қолдау орталығы жобасын жүзеге асырады.