Семейдегі аспалы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

© Photo : Семей қаласының әкімдігіСемейдегі көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Семейдегі көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Көпірдегі қозғалыс схемасы өзгеріп, көліктер төрт жолақпен қатынауда
АСТАНА, 29 мамыр-Sputnik. Семей қаласының қос жағалауын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады.
Көпірдегі қозғалыс схемасы өзгеріп, көліктер төрт жолақпен қатынауда. Асфальтты ауыстыруға 80-ге жуық жұмысшы және 20-дан астам арнайы техника тартылған. Жоба бойынша жөндеу жұмыстары шілде айының басында аяқталады деп жоспарланып отыр.
"ТМД-дағы жалғыз, үлкен аспалы көпіріміз 2000 жылы пайдалануға берілген. Сол уақыттан бері асфальт төсемі толық ауыстырылмаған. 25 жыл бойы жамап, жасқап, ой-шұңқырларын бітеп келген. Алғаш рет осындай ауқымды жұмысты қолға алып жатырмыз. Уақытша шектеулерге халық түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Жұмыс барысында заманауи технологиялар қолданылады", – деді облыс әкімі.
 Семей қаласы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2024
Семейдегі көпірдің жігі ажырап кетті
Жаңалықтар
0