Алматыда "Цифрлық Жібек жолы – 2025" халықаралық форумы өтеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы көрінісі
Алматы көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Іс-шара барысында қытайлық Zowoyoo платформасы таныстырылады
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. 2025 жылдың 5 маусымында Алматы қаласында "Цифрлық Жібек жолы – 2025" халықаралық форумы өтеді.
Бұл форум туризм саласындағы қазақстандық және қытайлық мамандар арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған.
Форум екі тақырыптық панельдік пікірталастан тұрады:
Туристік экожүйенің цифрлық трансформациясы:
Контент – қозғаушы күш: қазіргі медиада дәуіріндегі туризм саласындағы маркетингтің тың ережелері.
Форумға Қазақстан мен Қытайдың туризм, қонақжайлылық индустриясы және технология саласындағы жетекші сарапшылары, туроператорлары мен компаниялары қатысады. Олардың қатарында Ctrip, Tongcheng, JD Travel сияқты ірі компаниялар бар.
Іс-шара барысында туроператорлар мен қонақжайлылық индустриясының өкілдеріне қытайлық Zowoyoo платформасы таныстырылады.
Жаңалықтар
0