Алатау қаласына ерекше мәртебе беріледі

© Photo : акимат Алматинской областиАлатау қаласының макеті
Алатау қаласының макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Инвестициялық жобаларға салынған қаржының жалпы көлемі 2 млрд долларды құрайды
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Алатау қаласына ерекше мәртебе беріледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде қалада барлық мемлекеттік орган жасақталды. Ал бас жоспарға бірқатар өзгеріс енгізілетін болды.
Жалпы, 36 инвестициялық жоба бар. Соның ішінде 14 жобаны іске асыруға кірісті. Оған салынған қаржының жалпы көлемі 2 млрд долларды құрайды. Жазда әрбір шағын ауданды жобалау жұмыстары басталады. Алатауға ерекше мәртебе беріледі.

“Күзге таман ерекше мәртебенің концепті дайын болады деп отырмыз. Осы орайда біз Оңтүстік Азия инвесторларына жан-жақты жағдай жасап отырмыз. Оларға жұмыс істеген барынша ыңғайлы болуы керек. Ол жерде көп нәрсе бар. Визасыз режим, шетелдік азаматтарға жылжымайтын мүлікті сатып алуға да рұқсат беріліп отыр. Қазір заң бойынша шетелдіктер тұруға ықтиярхат алғаннан кейін ғана үй сатып алуға құқылы”, - деді Бозымбаев Астана халықаралық форумының панельдік сессиясында.

Оның айтуынша, инвесторлармен арадағы дауларды шешу жағынан “Астана” халықаралық қаржы орталығының тәжірибесі қолданылуы мүмкін. Бұл мәселе де қалаға ерекше мәртебе беру аясында талқыланып жатыр.
Город Конаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2024
Қонаевтың бір бөлігі Алатау қаласы құрамына өтеді
Жаңалықтар
0