https://sputnik.kz/20250529/84-mln-tenge-soltustik-qazaqstanda-sayasi-qugyn-surgin-qurbandaryna-otemaqy-tolenedi----54069031.html
84 млн теңге: Солтүстік Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына өтемақы төленеді
84 млн теңге: Солтүстік Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына өтемақы төленеді
Sputnik Қазақстан
Биыл 84 млн теңге өтемақыны 2092 адам алады 29.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-29T18:50+0500
2025-05-29T18:50+0500
2025-05-30T10:04+0500
саяси қуғын-сүргін құрбандары
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/03/17/43142891_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_9ef554e6a71e393ff25188b9499bf7b6.jpg
АЛМАТЫ, 29 мамыр - Sputnik. Солтүстік Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының балаларына біржолғы өтемақы төленеді, деп хабарлайды облыстық әкімдік. Солтүстік Қазақстанда атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері енгізілді. Көмектің бұл түрі саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған адамдарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді. "Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ата-аналарымен немесе оларды алмастырған адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, жер аударуда, жер аудару немесе арнайы қоныста болған балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның салдарынан ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алуға құқығы бар", - дейді әкімдік. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек уәкілетті ұйым не өзге де ұйымдар ұсынған тізімдер бойынша көрсетіледі. Биыл 84 млн теңге өтемақыны 2092 адам алады.
https://sputnik.kz/20240531/sayasi-qugyn-surgin-qurbandaryna-qanday-aleumettik-qoldau-korsetiledi-44667987.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/17/43142891_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6b14a83c932f1a17908cc77145e7a674.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саяси қуғын-сүргін құрбандары, солтүстік қазақстан облысы
саяси қуғын-сүргін құрбандары, солтүстік қазақстан облысы
84 млн теңге: Солтүстік Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына өтемақы төленеді
18:50 29.05.2025 (жаңартылды: 10:04 30.05.2025) Биыл 84 млн теңге өтемақыны 2092 адам алады
АЛМАТЫ, 29 мамыр - Sputnik. Солтүстік Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының балаларына біржолғы өтемақы төленеді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Солтүстік Қазақстанда атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері енгізілді.
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысы негізінде "Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні" атаулы күніне жыл сайынғы негізде біржолғы әлеуметтік көмек төлеу көзделген", - дейді ведомство
Көмектің бұл түрі саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған адамдарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді.
"Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ата-аналарымен немесе оларды алмастырған адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, жер аударуда, жер аудару немесе арнайы қоныста болған балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның салдарынан ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алуға құқығы бар", - дейді әкімдік.
Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек уәкілетті ұйым не өзге де ұйымдар ұсынған тізімдер бойынша көрсетіледі. Биыл 84 млн теңге өтемақыны 2092 адам алады.