6 жеке үй және 3 автокөлік: заңсыз қызметпен айналысқан күдіктінің мүлкі тәркіленді

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 154 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микроқаржылық қызмет жүргізуді анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Күдікті алты жыл бойы тиісті лицензиясыз, "OLX" және "Instagram*" мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз беру қызметімен айналысқан.
Заңсыз әрекеттер заңды түрінде көрсетіліп, онда нақты берілген сомадан әлдеқайда жоғары сандар көрсетілген. Өйткені оған жылдық 100%-ға дейін алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген.
"Қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында қарыз алушылардың мүлкі кепілдікке қойылған. Аталған схема бойынша күдікті жалпы сомасы 556 млн теңгеден асатын 72 мәміле жасаған", - деп жазылған хабарламада.
Солардың бірі – Рудный қаласының зейнеткерімен жасалған келісім. Ол күдіктіден емделуге қажет деп 13,2 млн теңге көлемінде қарыз алғаны туралы келісімге отырған. Келісім шарттарына сәйкес, зейнеткер екі жыл бойы ай сайын 600 мың теңгеден төлеуге міндеттелген.
Алайда, іс жүзінде ол қолына тек 6 млн теңге ғана алған, ал қалған 7,2 млн теңге алдын ала есептелген пайыз ретінде көрсетілген. Қарызды қамтамасыз ету үшін ол өзінің жалғыз пәтерін кепілдікке қоюға мәжбүр болған.
Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 154 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 6 жеке тұрғын үй, 3 автокөлік ("TANK 500", "TOYOTA CAMRY", "MITSUBISHI FIGHTER") бар.
* Meta қызметіне (Facebook және Instagram әлеуметтік желілері) Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.
Жаңалықтар
0