Қазақстандықтар енді жеке куәлікті онлайн рәсімдей алады

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстандықтар енді жеке куәлікті онлайн ресімдей алады
Қазақстандықтар енді жеке куәлікті онлайн ресімдей алады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Онлайн ресімдеу үшін сәйкестендіруден өту, фотосурет пен қолтаңбаны жүктеу, төлеу және құжаттың дайындығы туралы SMS күту қажет
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Қазақстандықтар жеке куәлікті онлайн пилоттық режимде ресімдей алады. Жобаны екі бірдей министрлік іске қосты.
Ол үшін қолданылу мерзімі күнтізбелік 30 күннен кейін немесе одан аз мерзімде аяқталса немесе күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде аяқталса, куәлікті онлайн ресімдеуге болады, деп атап көрсетілген екі ведомствоның бұйрығында.

"Құжаттаудың басқа себептері бойынша электронды үкімет порталы және мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсетілмейді және көрсетілетін қызметті алушыға ХҚКО-ға жүгіну қажеттігі туралы айтылады", - делінген хабарламада.

Құжатты онлайн ресімдеу үшін сәйкестендіруден өту, фотосурет пен қолтаңбаны жүктеу, онлайн төлеу және құжаттың дайындығы туралы SMS күту қажет.
Бұған дейін қаржы министрлігінің басшысы Қазақстанда негізгі мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жол карталарын әзірлегенін, оның ішінде жеке куәліктерді ауыстыру, еңбек мигранттарына рұқсат беру және басқаларын атап өткен болатын.
Ведомствоның мәліметінше, былтыр ХҚКО операторлары 15,2 млн қызмет көрсеткен. Бұл ретте барлық өтініштердің 80%-і онлайн-форматқа аударыла бастаған он қызметпен байланысты.
@sputnik_aitady
Цифрлық жеке куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Мерзімі өткен жеке куәлік пен төлқұжатты енді онлайн ауыстыруға болады
Жаңалықтар
0