Шерзаттың отбасы сотталушылардан 660 млн теңге моральдық шығын талап етті

© Photo : © Верховный суд Казахстана/YouTube/скрин видеоПроцесс по делу Шерзата Полата в Талдыкоргане
Процесс по делу Шерзата Полата в Талдыкоргане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Бұдан бөлек олар жерлеуге жұмсалған шығынды да өндіріп алуды сұрап отыр
АЛМАТЫ, 29 мамыр - Sputnik. Шерзат Полаттың отбасы сотталушылардан 660 миллион теңге моральдық шығын талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жәбірленуші тараптың адвокаты айыпталушылар Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 50 млн теңгеден 100 млн теңге өтемақы өндіруді сұрады.

Қалған 6 сотталушы - Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Ілияс Нұрқияс, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 20 млн теңгеден, яғни 120 млн теңге өтемақы талап етті.
Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбаева мен әжесі Жұмабике Қадыроваға да осы соманы төлеу сұралды.

Одан бөлек Шерзаттың отбасы жерлеуге жұмсалған шығынды - 2 млн 794 мың теңгені өндіріп алуды сұрап отыр.

@sputnik_aitady
Шерзат Полат өліміне қатысты сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Шерзат ісі бойынша қорғаушы тарап судьяға қарсы шағым түсірді - сот қандай шешім шығарды
Жаңалықтар
0