Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Жақында Ресей мен Украина арасындағы келіссөз туралы жария етіледі – Лавров

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуВстреча министра иностранных дел РФ С. Лаврова со студентами и преподавателями Дипакадемии МИД РФ
Встреча министра иностранных дел РФ С. Лаврова со студентами и преподавателями Дипакадемии МИД РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Жақында Ресей мен Украина арасында өтетін кезекті келіссөздер туралы жарияланады, деді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"16 мамырда Ыстамбұлда өткен келіссөзде біз кемсітушілік заңдардың барлығын жоюды талап еттік. Жақын арада жариялайтын тікелей келіссөзде де соны талап етеміз", - деді ол жоғары қауіпсіздік өкілдерінің 13-ші кездесуінде.
Лавровтың айтуынша, Ресей ұзақ уақыт бойы Киевпен келіссөз жүргізуге дайын болған, алайда Украина бас тартқан. Ол Украинаның қазіргі еуропалық басшылары бұл процеске жібермеді дейді.

Ыстанбұлдағы кездесу

Ресей мен Украина арасындағы алдыңғы тікелей байланыстар 16 мамырда Ыстанбұлда өтті, кездесу екі сағатқа созылды. Ресей делегациясын басқаратын президенттің көмекшісі Владимир Мединский Украинамен 1000-ға жуық тұтқынды алмасу туралы жариялады. Сонымен қатар Мәскеу мен Киев болашақ бітімгершілік мүмкіндіктері туралы өз көзқарасын ұсынуға келісті.
Украин тарапы келіссөздерде мемлекет басшыларының кездесуін сұрады, Мәскеу өз кезегінде мұны назарға алды. Мединский сонымен бірге Ресейдің диалогты жалғастыруға дайын екендігін айтты.
Жаңалықтар
0