https://sputnik.kz/20250528/tumar-patshayym-turaly-qazaqstandyq-film-grekiyada-prokatqa-shyguy-mumkin-54020904.html
Тұмар патшайым туралы қазақстандық фильм Грекияда прокатқа шығуы мүмкін
Тұмар патшайым туралы қазақстандық фильм Грекияда прокатқа шығуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Грекиядағы көрермендерге "Дос-Мұқасан" ансамбліне арналған кинотуынды мен "Менің атым Қожа" фильмі көрсетілді 28.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-28T22:36+0500
2025-05-28T22:36+0500
2025-05-28T22:36+0500
грекия
кинофестиваль
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/09/18607993_0:247:3000:1935_1920x0_80_0_0_0c9d3c4c76bafa4afa3e731d4c011e42.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. 26–28 мамыр аралығында Грекия астанасы Афинада қазақ киносының күндері өтті, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.Іс-шара аясында министрлік пен "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен түсірілген фильмдер грек көрерменіне ұсынылды."Кино күндері сақтардың Тұмар патшайымы туралы тарихи драма "Томирис" фильмінің көрсетілімімен басталды. Бұл туынды фестиваль қонақтары тарапынан қызығушылық тудырды. Сол себепті фильмді Грекияда прокатқа шығару мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.Сондай-ақ көрерменге "Дос-Мұқасан" ансамбліне арналған кинотуынды мен "Менің атым Қожа" фильмі көрсетілді.Көрсетілімнен кейін қазақстандық актерлер мен режиссерлер және грек киноиндустриясының өкілдері қатысқан шығармашылық кездесулер мен пікірталастар ұйымдастырылды.Фестивальге қатысушылардың пікірінше, мұндай мәдени алмасу шаралары – Қазақстан мен Грекия халықтарының арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудың тиімді жолы.
https://sputnik.kz/20250527/53958710.html
грекия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/09/18607993_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_e7aba1408ffea26056be9c6391dd99c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
грекия, кинофестиваль
Тұмар патшайым туралы қазақстандық фильм Грекияда прокатқа шығуы мүмкін
Грекиядағы көрермендерге "Дос-Мұқасан" ансамбліне арналған кинотуынды мен "Менің атым Қожа" фильмі көрсетілді
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. 26–28 мамыр аралығында Грекия астанасы Афинада қазақ киносының күндері өтті, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігінің
баспасөз қызметі.
Іс-шара аясында министрлік пен "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен түсірілген фильмдер грек көрерменіне ұсынылды.
"Кино күндері сақтардың Тұмар патшайымы туралы тарихи драма "Томирис" фильмінің көрсетілімімен басталды. Бұл туынды фестиваль қонақтары тарапынан қызығушылық тудырды. Сол себепті фильмді Грекияда прокатқа шығару мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ көрерменге "Дос-Мұқасан" ансамбліне арналған кинотуынды мен "Менің атым Қожа" фильмі көрсетілді.
Көрсетілімнен кейін қазақстандық актерлер мен режиссерлер және грек киноиндустриясының өкілдері қатысқан шығармашылық кездесулер мен пікірталастар ұйымдастырылды.
Фестивальге қатысушылардың пікірінше, мұндай мәдени алмасу шаралары – Қазақстан мен Грекия халықтарының арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудың тиімді жолы.