https://sputnik.kz/20250528/toqaev-ruanda-prezidentimen-kelissoz-zhurgizdi-53995873.html
Тоқаев Руанда президентімен келіссөз жүргізді
Тоқаев Руанда президентімен келіссөз жүргізді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда президенті Поль Кагамемен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда. 28.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-28T12:37+0500
2025-05-28T12:37+0500
2025-05-28T12:37+0500
қасым-жомарт тоқаев
келіссөздер
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53990600_0:60:1280:780_1920x0_80_0_0_af00cdf63e7ab0bc6dacd29002db9d2e.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда президенті Поль Кагамемен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың тарихи мәні зор деп бағалады. Сондай-ақ Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шығатынын жеткізді.Руанда президенті мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді."Еліңізге шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен бұған дейін Қазақстанға 2015 жылы келген болатынмын, бұл менің екінші сапарым. Өзіңізбен және Сіздің командаңызбен бірге екі ел игілігі жолындағы бірлескен жұмысымызды жалғастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз", – деді Поль Кагаме.Тараптар Қазақстан мен Руанданың саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы қарым-қатынастарын дамыту перспективасын талқылады. Сондай-ақ президенттер аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.
https://sputnik.kz/20250528/53992000.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53990600_81:0:1200:839_1920x0_80_0_0_4fa5e35e76492af5a5ce8f962edfe3eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, келіссөздер
қасым-жомарт тоқаев, келіссөздер
Тоқаев Руанда президентімен келіссөз жүргізді
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда президенті Поль Кагамемен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың тарихи мәні зор деп бағалады. Сондай-ақ Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шығатынын жеткізді.
"Руанданың экономикасы қарқынды дамып келеді. Меніңше, өзара байланыстарды нығайта беру қажет. Өйткені Қазақстан – ІЖӨ көлемі, ІТ технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту бойынша өңірдегі көшбасшы ел. Бұл біздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды өркендетудің басым бағыттары бола алады. Сондықтан Сіздің сапарыңызға ерекше мән беремін", – деді Тоқаев.
Руанда президенті мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.
"Еліңізге шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен бұған дейін Қазақстанға 2015 жылы келген болатынмын, бұл менің екінші сапарым. Өзіңізбен және Сіздің командаңызбен бірге екі ел игілігі жолындағы бірлескен жұмысымызды жалғастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз", – деді Поль Кагаме.
Тараптар Қазақстан мен Руанданың саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы қарым-қатынастарын дамыту перспективасын талқылады. Сондай-ақ президенттер аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.